КҮЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 7 КҮН ДЕМАЛАДЫ
499
0
0
29.10.2021
Қазақстандық білім беру ұйымдарында бірінші тоқсан аяқталды. Күзгі демалыс 1 қарашадан басталып, 7 қарашаға дейін жалғасады. Екінші тоқсанды білім алушылар 8 қараша күні дәстүрлі форматта бастайды.
Бірінші тоқсандағы білім беру процесі де офлайн режимде өтті.
«Өткен жылы орын алған пандемия мен онлайн оқыту салдарынан бірінші тоқсанда оқушылардың білімі бойынша диагностика жүргізіліп, білімдегі олқылықтарды жою әрі орнын толтыру аясында жұмыстар жүзеге асырылды. Барлық негізгі пән бойынша күрделі тақырыптар анықталып, оларды игеруге жеке уақыт бөлінді. Балалар мен олардың ата-аналарының қалауы бойынша 62 мыңнан астам оқушы үшін жекелеген оқу пәндері бойынша сабақтар ұйымдастырылды», – деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
Айта кетейік, бірінші тоқсанда Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы оқушылардың 100%-ға жуығы дәстүрлі форматта білім алды.
Бірінші тоқсанның соңында оқушылардың жалпы санының 0,04%-ы коронавирус жұқтырған. Бірінші тоқсанда жалпы сыныптар санының 6%-ы карантинге жіберілді.
Жаңа оқу жылында 7 мыңнан астам мектепте 3,6 млн бала оқиды. Биыл 394 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мыңға көп.
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ