Әлем жастары ауыл шаруашылығы саласына бет бұруда

Әлем жастары ауыл шаруашылығы саласына бет бұруда

Цифрлық инновацияның арқасында әлем жастары ауыл шаруашылығы саласына бет бұруда.

Деректер шаруашылыққа ден қойған жастардың артқанын көрсетеді. Оңтүстік және Солтүстік Америка, Африка, Азияда қазір қол күшінен гөрі дрондар мен пайдалы жүктемелерді қолдану арқылы айтулы нәтижеге қол жеткізіп жатқанын байқауға болады. Bloomberg жүргізген инновациялық индексте Оңтүстік Корея алтыншы рет көш бастады. Биыл бұл мемлекетте инновациялық технологияларды қаржыландыруға 5 трлн вон бөлінді. Ал осымен жетінші рет өткізіліп отырған рейтинг мақсаты - әлемдегі лайықты 50 елді анықтау. Сараптамаға 200-дей ел таңдалып алынды. Олардың қатарында биыл Үндістан, Мексика, Вьетнам және Сауд Аравиясы сияқты елдер бой көрсеткен.  Ал Тунис пен Украина тізімнен мүлде шығып қалды. Айта кету керек, үздіктер көшінен Германия да көрінді. Үштікті Финляндия қорытындылады.  АҚШ биыл 8 орынды місе тұтқан. Ондықты Франция түйіндеді. Мамандар инновацияның елдердің экономикалық көрсеткіштеріне үлкен әсер етіп жатқанын айтады.

Биыл елімізде әлеуметтік саланы қаржыландыру бағытына 2,6 трлн теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 21 пайызға артық. Осы ретте қазақстандықтардың жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері 7 пайызға ұлғайды. Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 5 пайызға көбейді. Ал өткен жылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 9,38 трлн теңге жиналды. Зейнетақы активтерінің кірісі 11 пайызға артып, 1,46 трлн теңгені құраған. Жалпы кіріс  6 пайызға жуықтады.  Тағы бір жаңашылдық, енді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті жарна төлеушілеріне жеке шот автоматты түрде ашылады. Бұл үшін алдын ала өтініш жазудың қажеті жоқ. Сондай-ақ фрилансерлер, қос қызметте істейтіндер және еңбек келісімшарты барлар міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылады. Ағымдағы жылдың  1 қаңтарында шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық бойынша заң күшіне енді. Енді шағын және орта бизнес субъектілері 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген болса, өсімпұл мен айыппұлдан босатылады.  Кешірім жасалатын 90 077 кәсіпкердің 340,6 млрд теңге берешегі бар. Ал заң бойынша ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделетін өнімді өндірушілер салықтық рақымшылыққа жатпайды. Бүгінде Қаржы министрлігімен салықтық рақымшылықты өткізудің механизмі және өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару қағидасы әзірленген. Қазір қанша кәсіпкердің рақымшылыққа ілінгені айқындалып жатыр. Ұлыбританияда онлайн сауда үлесі артып, 23 мың дүкен жабылу алдында тұр. Демек, биыл 175 мың адам жұмыссыз қалады. Ал Қазақстанда интернет саудаға сенетіндер аз. Көбі тауардың сапасына күдікпен қараса, енді бірі ақшаны далаға шашудан қорқады.  Десе де, елімізде e-commerce нарығын жылына 40 пайызға арттыру жұмысы қолға алынған. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының игілігі бұл.  Қазір «Қазпошта» аясында «Фуллфилмент» және «Е-коммент» орталықтары іске қосылған. Айта кетерлігі, пошта арқылы тапсырыс беріп, сауда жасаушылардың дені жастар. Қазақстанда электронды коммерция нарығының көлемі былтыр 100 млрд теңгеден асты.

Дереккөз: 24.kz