МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

АЙТЫЛДЫ:

«Балаға берілетін ақша» қағидатын іске асыруға мүмкіндік туғызатын мемлекеттік балабақшаларда орын бөлудің бірыңғай және ыңғайлы ақпараттық жүйесі құрылады.

(Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасынан)

__

ОРЫНДАЛДЫ:

2023 жылы Министрлік мектепке дейінгі ұйымдарға есепке алу, кезекке қою және жолдама беру үшін бірыңғай деректер базасын әзірледі. Пилоттық жоба Шахтинск және Петропавл қалаларында іске қосылды. Ол аяқталғаннан кейін Кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы бүкіл ел бойынша қолжетімді болады.

Жаңа модель әр отбасыға өз қажеттіліктеріне байланысты бір және төрт балабақша аралығында таңдау мүмкіндігін береді. Орындарды бөлу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін SMS хабарлама жіберіледі.

ОҢ ӘСЕРІ:•Балабақшаларға кезекке қоюдың бірыңғай есебі құрылады;•Орындарды бөлу процесінің ашықтығы қамтамасыз етіледі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады;•Қағазбастылық болмайды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ