МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

АЙТЫЛДЫ:

Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру

(Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасынан)

ОРЫНДАЛДЫ:

Ұйым басшылары мен оқытушылар үшін «Шағын жинақты мектепті басқарудағы цифрлық шешімдер» және «Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану» тақырыптарында оқытудың білім беру бағдарламасы әзірленді. Курстар 2 аптаға созылады (80 сағат), ол 5 пән бойынша педагогтерге арналған: математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі.

Цифрлық құзыреттілікті дамыту бойынша ШЖМ-дің 5 381 басшысы мен педагогы біліктілігін арттырудан өтті.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының пәндерін электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету - 95,5%.

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар баспалардың платформаларында орналастырылған 1-11 сыныптардың электрондық оқулықтарына жазылуды жүзеге асырды.

2023-2024 оқу жылында 1-2 сыныптар үшін «Цифрлық сауаттылық» электрондық оқулықтарына жазылу 100% қамтумен жүзеге асырылды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ