НАТАЛЬЯ ЖҰМАДІЛДАЕВА БАШҚҰРТСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

НАТАЛЬЯ ЖҰМАДІЛДАЕВА БАШҚҰРТСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева Башқұртстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ильдар Мавлетбердинмен кездесу өткізді.

Тараптар техникалық және кәсіптік білім беру, ана тілін дамыту саласындағы ынтымақтастық және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

«Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы достық пен тату көршілік дәстүрлері ғасырлар бой жалғасып келеді, біздің тарихымыз ортақ, терең мәдени байланыстарымыз мығым. Қазақ және башқұрт тілдері түркітілдес тілдер», - деп атап өтті Наталья Жұмаділдаева.

Башқұртстанның Білім және ғылым министрі еліміздегі техникалық және кәсіптік білім алып жатқан студенттерді келесі жылға жоспарланған «Азия кеншілері» кәсіптік шеберлік чемпионатына қатысуға шақырды. Айта кетейік, чемпионат келесі құзыреттерді қамтиды: «Тау-кен машиналарын басқару», «Тау-кен жұмыстарын жобалау», «Жарылыс желісін монтаждау», «Бұрғылау қондырғысын басқару». Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан мен Башқұртстанның жетекші кәсіпорындарында тағылымдамадан өтеді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ