Білім күні Ақмола облысы Қосшы қаласында мектеп-гимназия ашылды. Салтанатты жиынға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.Ғани Бейсембаев оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға оқуда табыс тіледі.«Биыл 130 мыңнан астам оқушы су жаңа мектептерде оқуды бастайды. Ауылдық жерлердегі білім деңгейін дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 1 мың ауыл мектебі қайта жаңғыртылып, пәндік кабинеттер ашылады, кітапханалар мен асханалары, жиһаздары жаңартылады. Алғаш рет ауыл мектептері арасында республикалық олимпиада ұйымдастырылады. Мұның бәрі отандық білім сапасын арттыру, балалар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынуда. Жаңа оқу жылы әрқайсыңыз үшін қызықты әрі пайдалы болсын! Сіздердің барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Білім күні құтты болсын!», - деді министр.Жаңа мектепте 3 мыңға жуық оқушы екі ауысымда оқитын болады. Жоба «Болат Өтемұратов қорының» жеке инвестициясы есебінен салынып, Қосшы қалалық білім бөліміне берілді. Материалдық-техникалық базасы заманауи үлгіде жасақталған үш қабатты білім ордасында 56 оқу және 19 арнайы кабинет бар. Сондай-ақ ол 2 спорт залымен, кең асханамен және медициналық кабинетпен жабдықталған.Естеріңізге салайық, қазақстандық мектептерге 1 қыркүйекте 3,9 миллионға жуық оқушы барды. Елімізде барлығы 55 мың орындық 39 мектеп ашылды.
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ
654
0
0
01.09.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ