Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагог-шеберлермен кездесті

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагог-шеберлермен кездесті
Елімізде педагог-шебер санатында 4 мыңға жуық мұғалім еңбек етуде. Бұл – педагогикалық қызметтегі жоғары біліктілік санаты.   Ғани Бейсембаев педагог-шеберлер білім реформаларын жүзеге асыруда негізгі рөлге ие екендігін атап өтті. Олар – білім беру жүйесінің жаңашыл көшбасшылары.   «Біздің бүгінгі міндетіміз – мұғалімнің мәртебесін нығайтып қана қоймай, педагог-шеберлердің білімі мен тәлімгерлігі еліміздің барлық педагогтері үшін ресурсқа айналатындай жағдай жасау», – деп атап өтті министр.   Сондай-ақ жиында педагог-шеберлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Алматылық ұстаз Гүлмира Асанбекова авторлық жобасы аясында 855 жас мұғалімге тәлімгерлік көрсеткен, маңғыстаулық Ержан Жұмаділов 10-11 сынып оқушыларына тегін онлайн курстар жүргізіп келеді, ал қарағандылық Нұрсұлтан Ахметов – жасанды интеллектті оқу үдерісіне табысты енгізген жаңашыл педагог.   Кездесу соңында министр жауапты құрылым басшыларына шебер-педагогтердің үздік тәжірибелерін республика көлемінде педагогтер арасында тарату жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ

Пікірлер0

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз Тіркелу