Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін еліміздегі 772 колледж директорларымен және жеке оқу орындарының құрылтайшыларымен өткен кеңесте талқылады.Оқу-ағарту министрі колледждер білім беру жүйесінің тұрақты дамуының негізгі факторына айналуы тиіс екенін атап өтті.«Біздің мақсатымыз – жастардың кәсіби, кәсіпкерлік және шығармашылық әлеуетін ашу үшін ТжКБ тиімді жүйесін құру. Колледждер жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына, инновациялық және кәсіпкерлік қызметті жандандыруға жәрдемдесетін орталықтарға айналуы тиіс. Студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту үшін бизнес өкілдерінің араласуымен ТжКБ ұйымдары жанынан 100 бизнес-инкубатор құрылу қажет» – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.Министр колледж басшыларына мемлекеттік тапсырыс талаптарын қатаң сақтауды, кадрлар даярлауды жетілдіруді, тәрбие жұмысына бақылауды күшейтуді және педагогтердің сапасын үнемі арттыруды, сондай-ақ студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға жатақханалар бөлу жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.Сондай-ақ, кеңес барысында Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен колледж директорлары сөз сөйледі. Қатысушылар сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту, кадрларды даярлау процесіне бизнесті тарту және педагог кадрлардың сапасы мәселелерін талқылады.Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ТжКБ ұйымдар академиялық дербестікке ие болды және қазір нарықтың қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын өздері анықтайды. Бүгінгі таңда кадрларды даярлау дуальды оқыту шеңберінде жұмыс берушілермен тығыз өзара іс-қимылда жүргізілуде.
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ КОЛЛЕДЖ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
625
0
0
23.04.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ