ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Дәстүр бойынша, жұмыс сапары аясында Ғани Бейсембаев Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді. Тараптар білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Оқу-ағарту министрі сапалы білім беруді қамтамасыз етудегі және балалар үшін қолайлы жағдай жасаудағы үйлесімді жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Біз сіздермен «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумының аясында кездестік. Бүгін мен жергілікті қордаланған мәселелерді шешу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру үшін аймаққа келдім. Біз мониторинг жүргізіп, әкімдікпен бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірледік. Өзекті мәселелердің бірі – білім беру ұйымдарында мықты педагогтер құрамын қалыптастыру. Биыл министрлік президенттік Жастар кадрлық резервіне ұқсас «Білім берудегі жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды бастады. Сондай-ақ, біз университеттерден бастап кадрларды даярлау мәселелерін қайта қарастырамыз. Кешенді және мұқият жоспарланған жұмыс өз жемісін беретіні сөзсіз. Ол үшін барлық мүдделі тараптардың қолдауы қажет», - деді Ғани Бейсембаев.

Өз кезегінде Түркістан облысы мәслихатының депутаттары Оқу-ағарту министрлігіне халық қалаулыларымен ашық әрі тығыз байланыс орнатқаны үшін алғыс білдірді.

«Бүгінгі кездесу - білім беру мәселелерінде биліктің барлық тармақтарының ауызбіршілігі бар екенін тағы да көрсетті. Біз сайлаушыларымыздың барлық сұрақтарына жауап алдық. Елдегі болып жатқан реформалар туралы халықты ақпараттандыруға мүмкіндік жасалғаны үшін алғыс айтамыз. Түркістан облысының мәслихаты оқу-ағарту жүйесін қолдауды жалғастырады», - деді облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министрдің мәслихат депутаттарымен кездесуі Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында өткен болатын. Олар еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасатын болады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ