Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы басты жаңалықтарына қысқаша шолу 

Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы басты жаңалықтарына қысқаша шолу 

✅ 2022 жылдың басынан бері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Бөбек» орталығында аз қамтылған отбасылардан шыққан 1 000-нан астам бала тегін сауықтырудан өтті

✅ Бірінші аптаның қорытындысы бойынша «Үздік педагог-2022» конкурсына қатысуға 2,6 мыңнан астам мұғалім мен тәрбиеші өтінім берді

✅ Қазақстанның 16 өңірінде бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды

✅ «Бұл мектеп асханаларында бағаның көтерілуіне жол бермейді» - Асхат Аймағамбетов қоғамдық тамақтанудың жаңа ережелері туралы айтты

✅ ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторинг жүргізу акциясының екінші кезеңін бастады

✅ ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» байқауын бастады

✅ «Үздік педагог-2022» байқауына өтініштер қабылдау 25 қыркүйекке дейін ұзартылды

✅ Қазақстандық мектептерде білім алатын ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны 55 мыңға дейін жетті

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ