Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы басты жаңалықтарына қысқаша шолу
✅ Оқу-ағарту министрлігі Қырғызстанда заңсыз жүрген бес баланы Қазақстанға қайтарды.
✅ Алматы қаласында Оқушылар сарайында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің халық алдында есеп беру кездесуі өтті.
✅ 1 қыркүйектен бастап қазақстандықтардан ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірыңғай байланыс орталығына 1 546 қоңырау түсті.
✅ Астанада мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің VII съезі өтті. ТМД-ға мүше мемлекеттердің өкілдері білім саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
✅ TikTok ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мұғалімдер арасында конкурс жариялады. Өз пәні туралы қызықты әрі танымдық контент жариялаған мұғалімдер қазылар алқасының шешімімен бағалы сыйлықтарға (IPhone 13 Pro Max) ие болады.
✅ ҚР Оқу-ағарту министрлігі ТМД-ға мүше елдері педагогтерінің ІІ халықаралық педагогикалық шеберлігі жүлдегерлерін марапаттады.
✅ «Жас маман» жобасы аясында 180 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. «Желіге шолу» жобасының жаңа санында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басшысы Алтай Рахимберлин колледждерді заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау туралы айтты.
✅ Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Назарбаев Университетінде қонақ дәріс өткізді.
✅ Оқу-ағарту министрлігі ұстаз еңбегі туралы деректі фильм дайындады. Мұғалімдердің күнделікті өмірі, олардың еңбегінің маңызы, жетістіктері, қызығушылықтары, тәжірибесі мен білімі көрсетіледі. Бос уақытта деректі фильмді көруге кеңес береміз.