13.05.2024 ж.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
ОҒАН ЕЛІМІЗДІҢ ӨҢІРЛЕРІНЕН 939 ОҚУШЫ ҚАТЫСЫП, 431 ОҚУШЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.
ОЛАР 211 ҚОЛА, 131 КҮМІС ЖӘНЕ 89 АЛТЫН МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ
14.05.2024 ж.
ПАВЛОДАР ЖӘНЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ ОҚЫС ОҚИҒАЛАР ОСЫ СЕЙСЕНБІДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШҰҒЫЛ КЕҢЕСТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ЖИЫН БАРЫСЫНДА ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН САПАЛЫ АРНАЙЫ КҮЗЕТ ҚҰРАМЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ;
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ АШУ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДЫ;
МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТІП, ӘР ҚАЙСЫСЫНА УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАРДЫ БЕКІТУДІ ТАПСЫРДЫ
15.05.2024 ж.
СӘРСЕНБІДЕ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН БРИФИНГКЕ ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРЛЕРІ 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
ОЛАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ, ОРТА, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ, ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС, БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚОЗҒАДЫ
16.05.2024 ж.
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ ТАПСЫРМАСЫМЕН БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТАРЫНДА БОЛДЫ
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ ҮШІН БІРҚАТАР ШАРАЛАР ӨТКІЗДІ
ІССАПАР НӘТИЖЕСІНДЕ ЕКІ АЙМАҚТА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛДЫ
17.05.2024 ж.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУ ҚАРСАҢЫНДА «АЛТЫН БЕЛГІ» ТӨСБЕЛГІСІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРМЕН ДӘСТҮРЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ҮЛГЕРІМІМЕН КӨЗГЕ ТҮСКЕН 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТҮЛЕК МИНИСТРДІҢ ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ
18.05.2024 Ж.
11-17 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА ЛОС-АНДЖЕЛЕСТЕ REGENERON ISEF 2024 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ИНЖЕНЕРЛІК КӨРМЕСІ ӨТТІ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШ ОҚУШЫ 100% НӘТИЖЕМЕН МӘРТЕБЕЛІ МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ