Алматыда ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері бойынша өңірлік директорының орынбасары Абдул Азиз Фофана Оқу-ағарту министрлігінің «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты мен Алматы қаласының Психологиялық қолдау орталығының жұмысымен танысты.Кездесуде балалар мен жасөспірімдердің психологиялық қиындықтарын ерте анықтау, балаларға, ата-аналарға және педагогтерге көмек көрсету, сондай-ақ суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.Институт буллингтің алдын алуға арналған «DosbolLIKE» бағдарламасын, 5–11-сынып оқушыларына арналған «Жеке қауіпсіздік» курсын, «Қауіпсіздік сабақтарын» және ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысын таныстырды.«Өркен» институты мен ЮНИСЕФ ынтымақтастығының екі жылында 1 223 педагог «Қауіпсіздік 24/7» бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Қазақстанның 20 өңірінен 436 маман балаларға жеке жағдайына қарай кешенді қолдау көрсету бойынша, ал институттың 51 маманы баланың басынан өткерген психологиялық жарақатын ескере отырып жұмыс істеу бойынша даярлықтан өтті.Балаларға дер кезінде көмек көрсету үшін «Өркен» институты мен ЮНИСЕФ мамандарды даярлау, бағдарламалардың сапасын арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша алдағы ынтымақтастықты талқылады.
«Өркен» институты ЮНИСЕФ-ке балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық қолдауына арналған бағдарламаларды таныстырды
19
0
0
20.11.2026
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ