21.01.2022 жыл
❗ АЙТЫЛДЫ:
«Ірі кәсіпорындарға колледждерге қамқорлық жасап, олардың қамқоршылық кеңестеріне кіруге, жастарды практикаға алуға, зертханалар мен шеберханаларды жабдықтауға қатысуын қамтамасыз ету керек».
✅ ОРЫНДАЛДЫ:
🔺 Оқу-ағарту министрлігі жүргізген жұмыстың нәтижесінде 498 кәсіпорынмен 410 колледжге қамқоршылық жасау туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.
🔺 Қамқорлық көрсетуші кәсіпорындар қамқоршылық кеңестер мен өндірістік кеңестерге мүше болып, кәсіпорын базасында педагог кадрлардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға, колледждерді зертханалық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге, студенттерді одан әрі жұмыспен қамту үшін кәсіптік-өндірістік практиканы ұйымдастыруға атсалысады.
🔺 Қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың базасында 300 мыңнан астам студент кәсіптік практикадан, 5 мыңнан астам педагог тағылымдамадан өтті.
🔺 Колледждер қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жаңартты.