ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ-2023 БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ-2023 БАСТАЛДЫ

Білім беру қызметкерлерінің дәстүрге айналған кеңесі екі күнге жалғасады. Осы жылғы шара «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтеді. Бүгін, 24 тамызда өңірлерде өз тақырыптық бағыттарына сәйкес секциондық отырыстар өтеді: • Мектепке дейінгі оқыту – Қызылорда облысы;• Ауыл мектебі – Актөбе облысы;• Оқуға құштар ұлт –Абай облысы;• Инклюзивтік және арнайы білім беру – Қостанай облысы;• Педагог мамандары – Солтүстік-Қазақстан облысы;• Дарынды балалар - ұлт мақтанышы –Ұлытау облысы;• Білім беру технологиялары – Алматы облысы;• Балалардың демалуы мен сауығуы – Ақмола облысы;• Жайлы жағдай қалыптастыру – Астана қаласы;• Балаларды қолдаудың тең мүмкіндігін қалыптастыру – Қарағанды облысы;• Мектепте тамақтануды ұйымдастыру – Алматы қаласы;• Қосымша білім беру – Шығыс-Қазақстан облысы;• Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие – Түркістан облысы;• Оқыту барысында қауіпсіз ортаны қалыптастыру – Атырау облысы;• Техникалық және кәсіптік білім беру – Павлодар облысы;• Білім беру мазмұнын жақсарту арқылы сапаны арттыру – Маңғыстау облысы;• Білім беру саласындағы бақылау және бағалау – Жамбыл облысы;• Қаржылық-құқықтық тәртіп – Жетісу облысы;• Білім саласындағы менеджмент – Батыс-Қазақстан облысы;• Білім саласын сандық жүйеге көшіру – Шымкент қаласы.

Ал ертең, 25 тамызда 20 өңірдің қатысуымен Бірыңғай республикалық пленарлық сессия онлайн режимде өтеді. Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ