Қазақстандық колледждердің 5 200 оқытушысы біліктіліктерін арттыру мақсатында ірі кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтті.
Айта кетейік, 2021 жылы Білім және ғылым министрлігі колледж оқытушыларының жаңа технологияларды аудиторияда емес, салалық кәсіпорындар мен мекемелердің базасында оқыту үшін келіссөздер жүргізіп, келісімдерге қол жеткізген болатын.
Бүгінгі таңда педагогтер «АрселорМиттал» АҚ, «АгромашХолдинг» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «ҚазАтомӨнеркәсіп» МАЭК, «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС және т.б. кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті.
Оқытушылардың айтуынша, оқытудың мұндай форматы оларға жұмыс берушілердің колледж түлектеріне қоятын талаптарымен тереңірек танысуға және жұмыс берушілердің сұраныстары негізінде оқыту бағдарламалары мен әдістерін қайта қарауға мүмкіндік береді.
«7 жылдан бері арнайы пәндер оқытушысы болып қызмет етіп келемін. Мен мұндай форматтағы курсқа алғаш рет қатысып отырмын. Ұйымдастырушылар бізге практикалық білім алуға мүмкіндік берді. Мен өндірістік тәжірибеден «Алматы электромеханикалық зауытында» өттім. Тағылымдама кезінде жұмыс процесін зерттеп, және кәсіпорын қызметкерлерін бақылай отырып, мен колледждегі сабағымда қолданатын білім алдым. Менің ойымша, бұл тәжірибе мұғалімдерге білім беру бағдарламаларының мазмұнын түсінуге көмектеседі. Яғни студенттерге теориялық қана емес, сонымен бірге практикалық білім де береміз», - деп түсіндірді Алматы мемлекеттік электромеханикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Айдана Жұмамұратова.
Айта кетейік, тағылымдамадан тек педагогтер ғана емес, колледж басшылары да өтті. Мұндай оқыту форматы биыл да жалғасын табады.