Венгрия елінде өткен информатика бойынша халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті (IOI). Оған 89 елден 347 оқушы қатысты. «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының хабарлауынша, олимпиада 2 кезең бойынша өтті. Оның бірінде қатысушылар бір компьютерді пайдалана отырып, бес сағаттың ішінде үш тапсырманы өз бетінше орындаулары қажет болды.Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы екі медаль және екі құрмет грамотасын иеленді:Күміс - Таймас Қорғанбаев - Алматы қаласы РФММ-нің түлегі;Қола - Назар Серазитдинов - Алматы қаласы РФММ-нің 10-сынып оқушысы; Құрмет грамотасы - Ван Ли - Алматы қаласы РФММ-нің түлегі;Құрмет грамотасы - Мансұр Мамадуханов - Қызылорда қаласы, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.Құрама жетекшілері: Astana IT университетінің оқытушысы Темірлан Сатылханов, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Батыр Сардарбеков.Атап өтейік, информатика бойынша халықаралық олимпиада (IOI) 1989 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ИНФОРМАТИКА БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ҚҰРАМА ҚОРЖЫНЫНА ЕКІ МЕДАЛЬ ӘКЕЛДІ
506
0
0
04.09.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ