ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР СИНГАПУРДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА РОБОТТАРЫМЕН БАҚ СЫНАСАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР СИНГАПУРДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА РОБОТТАРЫМЕН БАҚ СЫНАСАДЫ

Елордалық Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Оқу-Ағарту Министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation және Caravan of Knowledge қоғамдық қорлары ұйымдастырған FIRST Global Challenge робототехника бойынша Дүниежүзілік Олимпиадасының Ұлттық іріктеу кезеңі өтуде. Қазақстандық оқушылармен қатар жарысқа Моңғолия мен Өзбекстан командалары қатысады. Сингапурдағы робототехника бойынша бүкіләлемдік олимпиадада ел атынан барлығы 200-ден астам қазақстандық бала бақ сынайды.

«FIRST Global Challenge-робототехника бойынша ең үлкен олимпиада. Өткен жылы Женевада біздің команда керемет жеңіске жетіп, чемпионаттың алтынын және төрешілердің екі жоғары марапатын әкелді. Биылғы жылы біз өз табысымызды қайталауға және елдің ар – намысын қорғау үшін ең мықты ақыл-ойларды іріктеуге бар күшімізді салдық", - деп бөлісті USTEM Foundation қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.

Айта кетейік, бағдарламалау және түрлі инженерлік міндеттерді орындау бағыттары бойынша қатысушыларды іріктеу ағымдағы жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында өтті. Финалға 40 ең мықты команда жолдама алды.

Биылғы жарыс тақырыбы сутектің жанармай мүмкіндіктеріне негізделген және мектеп оқушылары имитациялық ойын алаңында сутегі мен оттегі атомдарын сұрыптай алатын роботтар жасайды. Сондай-ақ, оқушылар маусым тақырыбы бойынша өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ