ҚР Білім және ғылым министрі "Ұлық Ұлыс-Алтын Орда" халықаралық конференциясына қатысты
669
0
0
02.11.2021
28 қазан Атырауда «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Жиын барысында көптеген мазмұнды баяндама жасалды. Ғалымдар Алтын Орданы зерттеудің кеңестік парадигмасы ескіргенін, соңғы жылдары Алтын Орда тарихын зерттеуде нақты серпіліс болғанын айтты.
Сәйкесінше, Алтын Орда тарихы жайлы көптеген тезистер қайта қаралды.
Халықаралық конференция Алтын Орда, сонымен бірге Қазақ хандығының тарихын зерттеуге деген қызығушылық тек ел ішінде ғана емес, сондай-ақ одан тыс жерлерде де артып келе жатқанын көрсетті.
Министрлікке қарасты ғылыми ұйымдар еліміздің көне тарихына үңіліп, сақтар мен ғұндардың, көне түркілердің т.б. дәуіріндегі маңызды кезеңдеріне зерттеу жұмыстарын жалғастырады.
https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219217920615087/?d=n
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ