Асхат Аймағамбетов Қырғыз Республикасының елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті Кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қолданыстағы келісімге өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланды. Квоталық орындарды қырғыз азаматтары үшін 50-ге дейін, қазақстандық азаматтар үшін 10-ға дейін ұлғайту барысы қаралды.иСондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалын Бішкек қаласында ашу мәселесі қарастырылды. Кездесу соңында тараптар білім және ғылым саласында өзара белсенді іс-қимыл жасауға және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.
Асхат Аймағамбетов Түркістан қаласында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің VI Құрылтайына қатыстыАуқымды жиында депутаттар, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, тіл жанашырлары бас қосты. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев бұдан былай тіл мәселесімен айналысатын Мемлекеттік комиссия құрылатынын жеткізді. Құрылтайда қоғамның атқарған қызметі бойынша оның Орталық Кеңесінің есебі талқыланды. Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің алдағы бес жылға арналған бағдарламасы, жаңа редакцияда жазылған Жарғысы қабылданды. Делегаттардың ашық дауыс беруі арқылы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жаңа Президенті болып ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы сайланды. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы вице-президенттері болып, Тіл институты директоры Анар Фазылжанқызы мен Максим Рожин сайланды. Құрылтай барысында бірқатар тіл жанашыры «Барыс», «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталды.
«БҒМ LIVE» айдарында магистратура мен докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау науқанының қорытындысы туралы ақпарат ұсынылдыFacebook, Instagram әлеуметтік желілерінде өткен тікелей эфирде білім беру гранттарын қаржыландыру жүйесіндегі өзгерістер айтылды. Оқырмандардың сұрақтарына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жауап берді