ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ
616
0
0
18.02.2023
Астанада Қазақстанның әр өңірінен келген 120 пікірсайысшының қатысуымен 2 күн бойы турнир өтті. Сайыстың барлық кезеңі америкалық парламент форматы (AПФ) бойынша өтіп, үздіктер анықталды.
Қазақ, орыс және ағылшын лигаларында І орынды Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласының командалары жеңіп алды.
Жеңімпаздарды Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы құттықтады.
«Пікірсайыс- көшбасшы жастарды тәрбиелейтін ең мықты құрал, білімге жетелейтін алтын баспалдақ десек те болады. Сіздер екі күн бойы сынға түсіп қана қоймай, жаңа дос таптыңыздар. Жаңа орта қалыптасып, өз білімдеріңді таразыладыңдар. Қатысушылардың барлығын және жеңімпаздарды құттықтаймын. Сіздердің әрқайсың – ел тізгінін ұстайтын азаматсыңдар!», - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері, «Үздік спикер», «Үздік оратор», «Үздік сарапшы» номинациясының иегерлері мен қатысушыларға Оқу-ағарту министрлігі атынан сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, қазіргі күні Республика бойынша 6726 пікірсайыс клубы жұмыс істейді. Онда 120 мыңнан астам оқушы құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлауды, командада жұмыс істеуді үйренеді.
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ