ШҚО-да мектеп оқушысы астрономиялық орталық үлгісін жасады

ШҚО-да мектеп оқушысы астрономиялық орталық үлгісін жасады

Шығыс Қазақстандық жас  өнертапқыш Жансая Оралбекова шағын астрономиялық орталық үлгісін жасап шықты.

Аталған жобаны іске асыру үшін  шамамен 700 мың теңгедей шығын кетеді екен.  Осындай  кішкене орталықтар арқылы  балалардың  аспан әлеміне деген сүйіспеншілігін мектеп қабырғасынан бастап оятуға болады дейді жас ғалым. Жансая  өзінің ғылым жолындағы алғашқы жетістігін Жастар жылына арнап отыр. Қарапайым конструктор мен 3Д үлгідегі принтер. Жансая Оралбекованың  болашақ обсервоторияның үнемді үлгісін жасауы үшін дәл осы екі құрал ғана қажет болыпты. Жас өнертапқыш әрбір тетікті ойластырып, барынша аз шығын жұмсауды есепке алған. Егер дәл осы үлгі бойынша әзірленген обсервоторияны дайын  бір ғимаратқа орналастыратын болса, онда   шамамен 700 мың теңгедей ғана шығын кетеді. Есесіне жұлдыздар әлемі оқушыларға жақындай түседі.

Жансая Оралбекова, Назарбаев  зияткерлік мектебінің  оқушысы:

- Біз химияда айтқандай тек өзіміздің қазынамызды ғана қолданбай өзіміздің миымызды басқа да косомсты да зерттей білуіміз керек. Сондықтан осындай кішкентай обсвервоториялар бүкіл мектептерде болатын болса балалар тек ғана физиканы химияны, математиканы тек ғана пән ретінде қарастырмайды оның қолданылуын да болашақта қай жерде қолдануға болады, болашақ әлеммен танысу үшін кішкентай шағын оқу орындары болса керек деп ойладым. Еліміздің ғарышты игерудегі қадамы қарыштап тұрғанда бұндай бастаманың берері мол дейді мұғалімдер. Өйткені  бүгінгі  күні  білім-ғылымға деген ынтасы жоғары жастар көп.  Әрбірі қызықты жобалар мен ғылыми жұмыстардан кенде емес.

Айдын Түсіпжанов, Назарбаев зияткерлік мектебі физика пәнінің мұғалімі:

- Мысалы, айта кететін болсақ 400 алдын ала іріктелген жобалардың ішінен 80 елдің арасында біздің 1 жобамыз 4-орынға ие болған. осындай жобаларға баулу арқылы біз өскелең ұрпақты ғылымға бейімдеп көзқарастарын кеңейтіп кейінгі ғалымдарды тәрбиелеуге өз үлесімізді қосып жатырмыз. Алдияр Бекжігітов осы білім ордасындағы ойшыл өрендердің бірі. Республикалық конкурстың жеңімпазы жетекшісімен бірлесіп биотыңайтқыш  жасау жобасын өңдеп шықты.

Алдияр Бекжігітов, Назарбаев  зияткерлік мектебінің оқушысы: - Бұл жоба тағам өндірісінің қалдықтарын қайта жаңартып, сол тағам өндірісі қалдықтары арқасында жаңа бір тағамдарды өндіру, және сол тағам өндірісінің экологияға деген әсерін азайтуды қамтиды. Бұл тыңайтқыштар «Цифрлы жылыжай»  жұмысында да қолданылмақ.Осылайша білімқұмар оқушылар тек ғарыш саласына ғана емес,  цифрлы технологияның дамуына  да елеулі қарқын бермек.

Дереккөз: 24.kz