Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
114
0
0
12.12.2024
Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты дербестендіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесі Тараз (Жамбыл облысы), Түркістан Шымкент, Орал қалаларында пилоттық жоба шеңберінде іске асырылуда.
20 қарашадан бастап Орал қаласы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ваучерлік қаржыландыру енгізілетін пилоттық қалалардың біріне айналды, бұл 3 177 ваучер беруге мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта Оралдағы барлық 185 мектепке дейінгі ұйым ваучерлік механизм бойынша қаржыландырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, енгізіліп жатқан ваучерлік қаржыландыру жүйесі барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына белгіленген талаптарға сай болған жағдайда бюджеттік қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі, бұл тек жеке ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында да бәсекелестіктің қалыптасуына ықпал етеді.
Жүйе ең алдымен, «Балаға берілетін ақша» қағидатымен бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін шартты қарастырады. Қаражатты есептеу және аудару ата-аналардың баланың балабақшаға бару табеліндегі мәліметтерді растағаннан кейін ғана жүргізіледі. Айта кетейік, ваучерлік қаржыландыру механизмін масштабтау өңірлердің дайындығына қарай келесі жылдан бастап жоспарланған.
Анықтама: Қазақстанда 11 642 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92,5%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ