АҚШ-тан келген жас ғалымдар оқушылармен IT саласын талқылады

АҚШ-тан келген жас ғалымдар оқушылармен IT саласын талқылады

АҚШ-тың белгілі Стэнфорд, Пенсельвания университеттерінің жас ғалымдары оқушылармен ІТ саладағы өзгерістерді талқылады. Шетелдік спикерлер тегін ІТ сыныптарда оқитын балалармен видеобайланысқа шығып, сұрақтарына жауап берді. Олар ойын индустриясындағы жаңа бағыттар, Googlе-дың тың өнімдері, «Биотехнологиядағы ІТ» және  «Өмірде математика не үшін қажет» деген тақырыпта пікір алмасты. Сондай-ақ, елміздің 17 өңірінен телекөпір ұйымдастырылып, оқушыларға тәжірибе алмасу алаңы ашылды. Айта кетейік, Қазақстанда 811 ІТ мектепте 30 мыңнан астам бала робототехника, 3D модельдеу және бағдарламалауды оқып жатыр.

Тоғжан Керімбай, Астана қаласы №66 мектеп оқушысы:

- Бүгінгі өткен телемосттан мен көптеген керек информацияны ала білдім және маған ең қызықты болғаны «42 инновациондық мектеп» болып табылады. Негізінен көп адам бұл салаға қызығушылығын білдіреді. Бірақ көп жас басын бастап, аяғына дейін апармайды. Сондықтан менің оларға деген өзіндік кеңесім әрқашан да тырысып өзінің мақсатына жету керек.

Дереккөз: 24.kz