ТӨРТ КОМАНДА ХЬЮСТОНДА ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН РОБОТОТЕХНИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

ТӨРТ КОМАНДА ХЬЮСТОНДА ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН РОБОТОТЕХНИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Үздіктер атағы үшін Қазақстандық және шетелдік іріктеу чемпионаттары барысында квота алған 200-ден астам команда күресті.

Чемпионат Дүниежүзілік FIRST бағдарламасы аясында үш жас санатында өтті: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатқа Роботтар ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер сессиялары кіреді.

FLL Explore (6-10 жас) жас санатының қорытындысы бойынша американдық Хьюстонға жолдаманы елордалық quantum STEM School "IQRobots"командасы жеңіп алды. I орын – Алматы қаласының leas мектебінің "Очумелые капибары" командасы, II орын – Екібастұз қаласының Robopark мектебінің "Billion team" командасы, III орын – Павлодар қаласының Сатурн мектебінің "Ренессанс" командасы.

10-16 жас аралығындағы FLL Challenge санатында Хьюстонға жолдаманы Шымкент қаласынан "Shym Side" командасы жеңіп алды. I орын – Астана қаласының БИЛ мектебінің "Stay Hydrated" командасы, II орын – Орал қаласының 125 High School мектебінің "Toro Doro" командасы, III - Семей қаласының БИЛ мектебінің “Ro Alemi" командасы.

12-18 жас аралығындағы FIRSТ Tech Challenge санатында Хьюстонға жолдаманы екі Алматылық команда жеңіп алды: "Bolt.M3", РФММ және “Yaku" НЗМ ФМБ.

Дәл сол санатында Лондонда өтетін UK FIRST Chalmpionship жарсына Алматылық НЗМ ФМБ "Жамақаев" тобы, №124 мектептің "124" тобы және БИЛ мектебінің "Queue" командалары жеңіп алды.

Сонымен қатар, Хьюстонға "Dean's list" көрнекті оқушыларының Дүниежүзілік рейтингісіне сәйкес Астана қаласының "Quant" командасынан Алмат Айша және Алматы қаласының "124" командасынан Томирис Оңғарбек есімді оқушылар жеке шақырулар алды. Сондай-ақ, бетпе-бет сұхбат нәтижелері бойынша қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқу үшін 28 грант бөлінді.

Central Asia FIRST Championship ұйымдастырушылары: ҚР Оқу-Ағарту министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен, USTEM Foundation ҚҚ, Астана қаласының білім басқармасы және "Дарын" РҒПО.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ