«ЗЕРДЕ» ХVIІI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНДА 600-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ БАҚ СЫНАЙДЫ

«ЗЕРДЕ» ХVIІI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНДА 600-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ БАҚ СЫНАЙДЫ

Шучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына еліміздің әр өңірінен 2-7 сынып аралығында оқитын 600-ге жуық оқушы жиналды. Олар зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарын қорғап, өзара сынға түседі, деп хабарлайды «Дарын» РҒПО-ның мамандары.

Оқушылар тіл, тарих, мәдениет, медицина, технология, өнер саласына қатысты 12 секция бойынша зерттеу жұмыстарын қорғайды. Шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай ұйымдастырылады. Үш күндік сайыста «үздік жас зерттеушілер» анықталатын болады.

«Зерде» ХVIІI республикалық конкурсының аудандық кезеңіне 17 214 жоба ұсынылды. Үздіктері облыстық кезеңде іріктеліп, финалға оқушылар 490 жоба алып келді. Балалардың ізденіс дағдыларын дамытып, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларды ғылыми-зерттеуге ынталандыруға негізделген конкурсқа қатысушылар саны жыл сайын артып келеді», – дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаджембек Тұрсынов.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі диплом, грамоталарымен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ