Жұмысшы мамандықтар қаласы —экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша өндірістік көрмелер

Жұмысшы мамандықтар қаласы —экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша өндірістік көрмелер

Астанада Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында алғашқы ауқымды «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде. Фестивальдің бірінші күнінде-ақ оған 200-ден астам жұмысшы мамандықтарының өкілі қатысып, 10 мыңға жуық адам тамашалады.

Фестивальге келушілер техникалық білім беру саласындағы жаңа технологиялармен, оқу бағдарламаларымен танысып, отандық колледждер ұсынатын жаңа және сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алды, сондай-ақ әлеуетті жұмыс берушілермен кездесті. Әсіресе жоғары сынып оқушылары ерекше қызығушылық танытып, көрмені белсенді түрде аралады, жұмысшы мамандықтары бойынша мансаптық перспективаларды талқылады.

Фестиваль кәсіби білім беру жүйесі мен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың көрінісіне айналды. Өндірістік көрмелер экономика үшін стратегиялық маңызы бар 15 бағытты қамтиды: машина жасау, ақпараттық технологиялар, құрылыс, агроөнеркәсіп кешені, энергетика, көлік және ел экономикасының болашағын айқындайтын басқа да салалар.

Мұндағы әрбір көрме нарық талаптарына бейімделген жаңа технологиялар, жабдықтар және білім беру бағдарламалары бойынша жетекші кәсіпорындар мен кәсіптік білім беру ұйымдарымен ұсынылды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ

Пікірлер0

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз Тіркелу