Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу

Тайжанова Мереке Мухамбеттурсиновна
Тайжанова Мереке Мухамбеттурсиновна
Ақтөбе
Актобе
Жосалы орта мектеп-бала бақшасы
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Жиын
Тақырып:

Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу

27.12.2019
2259
PDF жүктеу WORD жүктеу
Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу. Оқушылар: - жиындардың берілу тәсілдерін біледі; - жиындарды, олардың элементтерін, жиындардың бірігуі мен қиылысуын және жиындар арасындағы қатынастарды сипаттайды; - Эйлер-Венн диаграммасын қолдану арқылы жиындар арасындағы қатынастар сипатын бейнелейді; - Эйлер-Венн диаграммасын және іріктеу әдісін қолданып есептер шығарады.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу

1) « Арқаға сурет салу» ойсергегі арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылады Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады(мәселен, алма, алмұрт, гүл, кітап, ағаш, күн және т.б.). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына сол заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады. Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылған мен салыстырады. 2) «Көршіңді тексер» әдісі арқылы үй жұмысы тексеріледі. 3) «Тақ және жұп» топқа бөлу әдісі арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларға алдын ала нөмірленген 10 карточка ішінен біреуін таңдау ұсынылады. Тақ нөмірлі карточкасы бар оқушылар бір топ, жұп нөмірлілері екінші топ болады.   

Файлдар:

Файлды ару Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу.

Пікірлер(0)