Компьютермен жұмыс істеу кезінде өзіне қалай зиян келтірмеу?
Компьютермен жұмыс істеу кезінде өзіне қалай зиян келтірмеу?
| Сабақ тақырыбы | Компьютермен жұмыс істеу кезінде өзіне қалай зиян келтірмеу? |
| Осы сабақта қол жеткізілетін мақсаттар (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.4.1.1 техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарын сараптау |
| Сабақ мақсаты | -техника қауіпсізідгі ережелерін бұзу кезінде өзінің денсаулығына зиян салдарын анықтау - компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін қолдану |
| Табыс өлшемі | -техника қауіпсіздігі ережелерін біледі және айтады: жұмыс кезінде, жұмыстан кейін, кабинетте жұмыс алдында - техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу кезінде себептер мен салдарының өзінің денсаулығы үшін салдарын айқындайды; - компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін қолданады. |
| Тілдік мақсаты | Оқушылар істей алады: - дұрыс сымбаттылық мәселесінің маңыздылығын талқылауды (сөйлеу дағдысы мен тыңдау) - денсаулығын сақтап қалуға көмектесетін жаттығулар кешенін суреттеуге (жазу дағдысы) Пәндік лексика мен терминология • Көру нашарлауы, сымбатының бұзылуы, сіңір созылуы, денсаулық пен қауіпсіздік, қауіп • Білек, мойын, қол, арқа, иық, омыртқа, іш, буындар Қатайту, созу, бойын еркін ұстау, баурау. |
| Құндылықтарды қалыптандыру | Өзіне және айналасындағыларға сыйластығы Бұл құндылық білім беру процесіне қатысушыларға бір-біріне сыпайы қарым-қатынасты сақтау, жеке және жұптық тапсырмаларды орындау кезіндегі тайм-менеджментті сақтау, гигиена нормалары мен техника қауіпсіздігін сақтау(жұмыс орнын сабаққа дейін және кейін таза ұстау) арқылы қалыптандырылады. Ынтымақтастық Оқушыларда қиындықтар туған жағдайда мұғалім қолдау көрсетеді. Ынтымақтастық оқушылардың бір-бірін жұптасып жұмыс кезінде өзара қолдау көрсету арқылы, алға қойылған гипотеза пайдасына аргументтер іздеу арқылы қалыптандырылады. |
| Пәнаралық байланыс | Адам анатомиясы, адам сүлдесі. Физика (электр құралдары мен электрмагниттік сәуле шығару) |
| Алдын ала білімі | Оқушылар компьютердің негізгі қызметі, негізгі бөлшектері, компьютер қандай қызмет көрсету саласында өолданлатыны туралы біледі. |
| Ресурстар | 1.Жалпы білім беретін мектептер 5 сынып үшін Информатика-оқулығы./Арман ПВ баспасы. Компьютер және қауіпсіздік. 2. Bilimland ресурсынан «Техника қауіпсіздігі мен жұмыс орнын ұйымдастыру» видеосы http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720 « |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақ басы (4 мин 4min) |
Сабақтың басталуы. Бейнежазбаны тамашалау. «Кинометафра» әдісі Оқушылар сабақ тақырыбын атайды: Денсаулығын және техника қауіпсіздігі ережесін сақтау. Техника қауіпсіздігін сақтау туралы видео көруге беріңіз http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720 Егер сіз техника қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда, не болады? Оқушылар сабақтың міндеті мен мақсатын атайды: Бүгін біз техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамағанның қандай салдар болатынын білетін боламыз. Біз қауіпсіздік туралы айтамыз. Компьютермен жұмыс кезінде өзініңң жұмысын қалай дұрыс ұйымдастыру керек. Тапсырма №1 Жеке жұмыс. «Кім жылдам?» әдісі Жаттығу 1 Тапсырма №2 Жұптық жұмыс «Қиыстыру» әдісі Жаттығу 2 Қорытынды: «компьютерге тәуелділік», «көз аурулары» пайда болмас үшін ережелерді сақтау керек. |
http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720 Интерактивтік тақта Информатика оқулығы 5 сынып, 8-9 бет http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720 http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720 |
|
Сабақтың ортасы (11) |
Практикалық тапсырма №3 «Құпия конверт» әдісі арқылы конверте берілген тапсырмаларға өз ой пікірін жазу. Жоғары деңгей дағдысы: сараптау және бағалау - Компьютермен жұмыс кезінде не істеуге болмайды? - Компьютер бізге қалай ықпал етеді – қауіпсіздік техникасын бұзу; - Компьютердің зиянды ықпалынан қорғану үшін не істеу керек? |
«ӨТ кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережелері» сабағына презентация» |
|
Қосымша тапсырма (4) |
* Егер адам тәулігіне 3 сағат компьютер алдында уақытын өткізетін болса, онда сіз жылына, айына, аптасына қанша уақыт компьютер алдында өткізетініңізді есептеңіз. мәтін |
|
|
Сабақтың соңы (4) |
Кері байланыс. «Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушымен кері байланыс орнату. |
|
|
Білімдерін пысықтау (5 мин) |
Формативтік бағалауды орындау Мұғалім үшін нұсқаулық Формативтік бағалаудың бір түрін ұсынуға болады: 1) Компьютерде BILIMLAND http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720 ресурсынан 2,3 жаттығуларды орындауға болады. 2) Қағазға екі сұрақты басып шығарып, жазбаша түрде формативтік бағалауды жүргізуге болады. |
http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720 2,3 жаттығулар |
|
Рефлексия (5 мин) |
Сонымен біз бүгін компьютермен жұмыс істеу кезінде өзіне қалай зиян келтірмеу? туралы білдік. Стикерде өздеріңіздің бүгін қалай жұмыс істегеніңіз туралы суретке жапсырыңыз: |
|
|
Үйге тапсырма (1) |
5 сынып Информатика оқулығының 8-9 бетін оқу. Компьютермен жұмыс кезінде орындау үшін ұсынылатын жаттығулар ойлап тап. - Отбасы мүшелері үшін кесте құрастыр: компьютер алдында қанша уақыт отырамыз. |
Пікірлер(0)