Қарама -қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер

ЖҰМАҒАЛИЕВА НҰРГҮЛ НҰРЖАНҚЫЗЫ
ЖҰМАҒАЛИЕВА НҰРГҮЛ НҰРЖАНҚЫЗЫ
Ақтөбе
Қопа
М.О.Әуезов атындағы негізгі мектебі
Математика
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Жылдамдық, уақыт, арақашықтық
Тақырып:

Қарама -қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер

28.12.2019
669
PDF жүктеу WORD жүктеу
Қарама -қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер Оқу мақсаты 4.5.1.9 **кездесу қозғалысына, бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдістермен шығару. Күтілетін нәтижелер Барлық оқушылар: -кездесу қозғалысына, бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді екі түрлі әдіспен шығаруды түсінеді. Көптеген оқушылар: -кездесу қозғалысына, бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдістермен шығару. Кейбір оқушылар: -кездесу қозғалысына, бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа есептер құрастыра алады. Тілдік мақсаттар Оқушылар: -кездесу қозғалысына, бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдістермен шығаруды түсіндіру. Пəндік лексика жəне терминология Қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс, дөңгелектелген, кездесу жылдамдығы, кеміген жылдамдық. Диалогке / жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау: Тапсырмада қозғалыстың қай түрі берілген? Қандай шамалар берілген? х деп қай белгісізді белгілеуге болады? Өрнек пен теңдеу құра аласың ба? Жазу: Тапсырманы сызба, өрнек, теңдеу, тәсілдермен жазу. Алдыңғы білім Шамалардың өзара байланысы: жылдамдық, уақыт, арақашықтық. Есеп бойынша теңдеу құрастыру.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Қарама -қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер

(19.12.2019.)

Жоспарлан- ған уақыт Жоспарланған іс-əрекет Қызығушы-лықты ояту Ынталандыру Жалпы алғанда көптеген мамандықтар бар. Әр мамандықтың өз ерекшелігі бар. Орнитолог – зоология ғылымындағы құстарды зерттейтін маман. №1 тапсырманы орындау. Орнитологке есеп шығаруға көмектес. Әріпті өрнек құрастыр. Екі ағаштың арасы – k км. Олардан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі қарға ұшып келеді. Олар b секунд уақытында кездесті. Бірінші қарғаның жылдамдығы – z м/с. Екінші қарғаның жылдамдығын тап. һ – 2-торғайдың жылдамдығы болсын дейік. z + h – екі торғайдың жақындау жылдамдығы. (z + h) ∙ b – екі торғайдың арақашықтығы. Теңдеу құрастырайық: (z + h) ∙ b = k (z + h) = k : b h = k : b – z (м/c) Өзектендіру Палеонтолог – бұл қазба жұмыстарын жүргізе отырып, табылған өлі дененің қалдықтарын: жануарлар, өсімдіктер, бактериялар және т.б. зерттейтін ғалым. Ғалымдар динозаврлардың қозғалу жылдамдықтарын есептеген. Әрбір тоқтаусыз қозғалыстың тәуліктің төрттен бір бөлігінде олар қандай қашықтықты жүріп өтеді? Мақсат қою 3-тапсырманы қарастыруды ұсыну. Бұндай тапсырмалар бір жағынан өтілген бірінен-бірі қарама-қарсы екі бағыттағы қозғалысқа берілген есептерге бір жағынан ұқсас келеді. Бірақ мынандай ерекшеліктері бар: денелер қозғалысты бастар алдында бір-бірінен қашықтықта орналасқан. Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай? Мағынаны тану Жаңаны ашу. 3- тапсырма. Арақашықтығы 40 км болатын екі ауылдан бір уақытта қарама-қарсы екі бағытқа екі шаңғышы шықты. Біреуінің жылдамдығы – 10км\сағ, екіншісінікі – 12 км\сағ. 2 сағаттан кейін олардың арасы қанша километр болды? 1-тәсіл: 4•2 = 8(км) – 1-жаяу жүргіншінің 2 сағатта жүріп өткен жолы. 5•2 =10 (км) – 2-жаяу жүргіншінің 2 сағатта жүріп өткен жолы. 8+10 =18(км) – екі жүргіншінің 2 сағатта жүріп өткен арақашықтығы. 40 +18 =58(км) – 2 сағаттан кейінгі жүргіншілердің арасындағы арақашықтық. 2-тәсіл: 1) 4+5=9(км/сағ) – екі жүргіншінің қашықтау жылдамдығы. 2) 9•2=18 (км) – екі жүргіншінің 2 сағатта жүріп өткен арақашықтығы. 3) 40 +18 =58(км) – 2 сағаттан кейінгі жүргіншілердің арасындағы арақашықтық. (Т) Алғашқы бекіту №4А ә)Сызбаға қарап кері есеп құрастыр. Өрнектердің нені білдіретінін түсіндір (10 + 12) ∙ 2 84 – (10 + 12) : 2 б) Сызбаны қара және ол бойынша кері есеп құрастыр. Өрнектер нені білдіретінін түсіндір. 88 – 40 (88 – 40) : 2 (88 – 40) : 2 – 10 в) Тағы да басқа кері есеп құрастыруға бола ма? Сызбасын сызып, шешуін жаз. Бұлар – есептің жаңа түрі емес, бірақ бір ескеретін жағдай бар, денелер арасында арақашықтықтың болуы. Өзіндік жұмыс (Ө) Қозғалыстың оқып-үйренген түріне байланысты дәптерге орындауға берілген тапсырманы орындайды. Сызбаны аяқта және оны теңдеу арқылы шеш. Екі ұшақ бір уақытта қарама-қарсы бағытта ұшып шықты. Біреуінің жылдамдығы 640 км/сағ. Егер 3 сағаттан кейін екі ұшақтың арақашықтығы 3 630 км болса, онда екінші ұшақ қандай жылдамдықпен ұшты? x – екінші ұшақтың жылдамдығы болсын дейік. 640 + х – қашықтау жылдамдығы (640 + х)∙3 = 3 630 640 + х = 3 630 : 3 640 + х =1 210 х =1 210 – 640 х = 570 (570 + 640) ∙ 3 = 3 630 3 630 = 3 630 Қиындықтарды түзету Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді. – Кімде қиындықтар туындады? – Қай жерінде қателестіңдер? – Жіберілген қателіктің себебі неде? – Өзіндік жұмыстарыңда қиындық туындамағандар, өздеріңнің әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар. (Қосымша тапсырмалар орындау). – Қиындықтарды анықтағандардың жұмыстарының әрі қарайғы мақсаты қандай? (Қателіктерді түзету). – Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз. – Әркім өзінің оқу тапсырмасын дауыстап оқиды. (Ө) Дәптердегі тапсырманы орындамас бұрын оқушылар мұғаліммен бірігіп критериалды бағалауды құрастырады. Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысты арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығара алу. Дескриптор Мен: - қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа сызба сыза аламын; - есепке теңдеу құра аламын; - теңдеуді шеше аламын; - жауабын тексере аламын; - жауабын жаза аламын. Өткен материалмен жұмыс. №5. Үлгі бойынша балалар өз жұмысын өзі тексереді. 2 700 + 800 : 100 – 70 – 2 = 2 700 + 8 – 70 – 2 = 2 636 (9 000 + 300 – 200) : 100 + 40 = 9 100 : 100 + 40 = 131 18 000 : (300 + 400 – 600) – 50 =18 000 : 100 – 50 = 130 180 567 – 184 – 4 + 445 534 : 89 = 180 567 – 184 – 4 – 5006 = 185 385 №6. Жұлдызшалардың орнындағы санды анықтауды өздеріне тапсыруға болады. №7. Кесте толтыру арқылы шығарған жеңілірек болады. 1-сынып 2-сынып 3-сынып Әлия + Айна + Сәуле + Рефлексия Сөйлемді толықтырыңдар: – Бүгін мен ... білдім. – Маған ... қызық болды. – Маған ... қиын болды. – Мен тапсырманы ... орындадым. Үйге №8 тапсырма ұсынылады.  

Қосымша ақпарат

есептер шығару

Файлдар:

Файлды ару математика

Пікірлер(0)