Тәулік.Уақытты анықтау
Математика
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Шамалар және олардың өлшем бірліктері
Тақырып:
Тәулік.Уақытты анықтау
30.12.2019
618
12
Уақытты анықтау | 2.1.3.4 ұзындық (см, дм, м), масса (кг, ц), уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктері арасындағы қатынас негізінде түрлендіру |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
сабақтың басы. |
.Сабақтың басы 1. Ұйымдастырукезеңі «Қайырлы күн!» Қайырлы күн, көздерім! (қабақтарын сипайды). Қайырлы күн, құлақтарым!(құлақтарын сипайды). Қайырлы күн, қолдарым!(қолдарымен шапалақтайды). Қайырлы күн, аяқтарым!(аяқпен жерді тебу). Қайырлы күн, мұғалім!(Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады) Оқушылар шеңбер жасап тұрып, бір-біріне бүгінгі күнге жақсы тілектер айтады. 2.Топқа бөліну Сиқырлы қораптың ішінен 1-1 парақшадан алады.Оның ішінен рим цифрлары жазылған.Ал оқушылар орындықтардағы араб цифрларын тауып сол орынға барып отырады 3.Миға шабуыл 1.Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ, Мезгілімен ашылып және жаппақ. Болғанда бірі қара, екіншісі - Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ (күн мен түн) 2.Қабырғадан қарап тұр, Уақытты санап тұр.(сағат) -Жарайсыңдар!Ал,енді осы күн мен түн,сағатқа байланысты ортақ бір сөзбен не деп айтады? -Уақыт.Тәулік. - Уақыт деген не? - Уақытты көруге, естуге, ұстап көруге бола ма? - Ол бар ма? (Бізді қоршаған əлемде барлық оқиғалар уақытпен жылжиды!) -Уақыт əрқашан қозғалыста болады. Ол бір сəтке де тоқтамайды!. - Уақыт қандай бағытта жылжиды? (Əрқашан тек бір бағытта – өткен шақтан болашаққа қарай.) - Уақытты артқа жылжытуға, ұстап қалуға немесе тоқтатуға бола ма? (жоқ) -Жарайсыңдар! Уақыт аралықтарын айтайық,қанекей кім айтады? -Таңертең,күндіз,кеш,түн. Осылайша бізде үш топ пайда болды. 1-топ «Танертең» 2-топ «Күндіз» 3-топ «Кеш» Ал,түнде біз демалатын болғандықтан түнгі уақытты тақтаға ілейік. Топ ережелерімен танысу Олай болса балалар біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты сағат бойынша уақытты анықтауды үйрену. Видеоға назар аудару Осы кезде күндізгі сағаттар 13,14,15 т.б айтылатындығы туралы айтып кету. Сабағымыз ойын түрінде өтеді. Сабақтыңортасы 1. «Кім жылдам» ойыны арқылы мозайкамен жұмыс жасау.топтық жұмыс Әр топ өзінің алдында жатқан мозайка арқылы табиғат көріністерін рет-ретімен орналастырады.(таңертеңгі уақыт,күндізгі уақыты,кешкі уақыт,) және оларды ретімен тақтаға ілеміз әр топ өзінің орналастырған суретін іледі Оны қайдан білдіңдер? (оқушылардың пікірін тыңдау) (әр топ бір-бірін бағалайды смайликтермен) Мұғалім Түннен түнге дейінгі уақыт аралығы және күндізден күндізге дейінгі уақыт аралығы тәулік деп атаймыз. Сонымен қатар таңертең, күндіз, кеш,түн – тәулік мезгілдері болып саналады.. Бір тәулікте24 сағат бар. Түнгі сағат 12 – түн ортасы, ал күндізгі12 – тал түс болады 2.Тапсырма.«Сәйкестендір»Топтық жұмыс Бұл тапсырмада күндізгі уақыттағы және түңгі уақыттағы сағаттар берілген. Сол сағаттарды дұрыс уақытымен сәйкестендіру. (әр топ бір-бірін бағалайды) 18:00 09:00 12:00 15:00 3. 3-тапсырма Жеке жұмыс Сағат тілдерін көрсетілген уақытқа сәйкес орналастырып сал. Орындап болған сон бір-бірін тексеріп «Бас бармақ» арқылы бағалайды. 8.Сергіту сәті Сағаттың тілімен, Иіліп оңға бір. Сағаттың тілімен, Иіліп солға бір. Он аяқ, сол аяқ, Жаттығу оңай-ақ. 4- тапсырма Орындап көр. Есептің несі болады?шарты, сұрағы,шешуі,жауабы №4 есепті шығар Мөлдірдің мектепке дейінгі жолына 25 мин уақыт кетеді. Санжар Мөлдірден 8 минут артық жүреді. Екеуі мектепке дейін барлығы неше минут жүреді? Мөлдір-25 мин ? мин Санжар-?,8 мин артық Ш:1.25+8=33 2.25+33=58 Ж:58 минут жүреді. Қалыптастырушы бағалау 5-Тапсырма Жұптық жұмыс Сағаттардың көрсетіп тұрған уақытын жаз.- сабақ. Сабақтың соңы Оқушылардың сабақтың тақырыбын қаншалықты меңгергенін білу үшін сұрақтарға жауап беруін сұрау. -Бүгін қандай уақыт бірліктерімен таныстық? • Сағаттың тілдері қалай аталады? • 1 сағатта неше минут бар? • Сағаттың ең кіші өлшемі не? Біздің сабақ неше минут өтеді Үйтапсырмасы Ж.д №5 тапсырма 33 -бет |
Файлдар:
Файлды ару
Уақытты анықтау
Пікірлер(0)