Теңге. Монета және қағаз ақша
Математика
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Көбейту және бөлу. Есептер
Тақырып:
Теңге. Монета және қағаз ақша
30.12.2019
1982
23
Теңге. Монета және қағаз ақша | 2.1.3.6. 50 тг, 100 теңгелік монеталарды, 200 тг, 500 тг купюраларды ажырату жəне түрліше төлем жасау. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы сабақтың ортасы сабақтың соңы |
«Менің көршім»шаттық шеңбері Қарқын тәсілі«Лездеме» әдісі Оқулықпен жұмыс Нәтиже және тапсырма тәсілі.«Жаңалық ашамыз»әдісі Сергіту сәті: «Теңге ілу» ойыны. Диалог және қолдау көрсету тәсілі. Ойлан, жұптас,бөліс әдісі “Дүкенші мен бала” диалогы. |
Қосымша ақпарат
Ұйымдастыру кезеңі.«Менің көршім»шаттық шеңбері арқылы сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастырамын. Оқушылар көршісіне мінезінің жақсы қасиетін атау арқылы оған қошемет көрсетеді. Құпия дыбыс есту арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу. Киндер қорабынан түрлі-түсті монеталар таңдау арқылы топқа бөліну. Оқушыларды төрт топқа бөлемін 1 топ –10 теңге 2 топ – 20теңге 3 топ – 50 теңге 4 топ-100 теңге (М)Жаңа тақырыпты таныстырылым арқылы түсіндіремін. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында теңге, монета, қағаз ақша туралы бейнежазба көрсетемін. Оқушыларға «Ашық сұрақтар» арқылы сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қолданамын. 1.Теңге қай жылы шықты? 2. Ақшада не бейнеленген? 3. Қазіргі теңге мен бұрынғы тиынның айырмашылығы қандай? 4. Өмірде ақшаны не үшін қолданамыз? Валюта-Қазақстан «рубльдік» зонадан 1993 жылы қараша айында шықты, 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта «теңге» болып енгізілді. Қазақ елінің төл теңгесі қағаз ақша және монета түрінде болатындығын айтып түсіндіру. Әрбір монеталардың ( 1 теңге, 2 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге, 50 теңге, 100 теңге), қағаз ақша ( 200 теңге, 500 теңге, 1000 теңге, 2000 теңге, 5000 теңге, 10000 теңге) екендігі айтып түсіндіріледі. Тапсырма №1 (т) Қарқын тәсілі«Лездеме» әдісі Барлық топқа.Топ атауларындағы теңгелерді майдалау теңге, ақша- монета-coin Монеталарды майдалауды біледі. Әрбір топты тапсырмадан соң монеталармен бағалау. Bilim land сайтын қолдану. Әрбір тапсырмадан кейін,дұрыс әрі шапшаң орындаған топтарды монеталармен бағалау. Бағалау критерийі: 50тг, 100тг, 200тг, 500 теңгелік ақшаларды купюраны ажыратады. Дескриптор 1. 50, 100 теңгелік монетаны белгілейді 2. 200, 500 теңгелік купюраны белгілеп көрсетеді Оқулықпен жұмыс Нәтиже және тапсырма тәсілі.«Жаңалық ашамыз»әдісі арқылы тапсырмадан тыс өзінің шеберлігіне байланысты есеп құрастыра алуы. Әр балада неше монета барын есепте. Сұрақтарға жауап бер. Дәулет Қанат Самат 1.Әр балада неше монетадан бар? 2.Әр балада неше теңге бар? 3.Қайсысының монетасы бәрінен артық? 4.Қайсысының ақшасы бәрінен аз? Бағалау критерийі. Көрсетілген соманы ұсақтай алады жəне жинақтай алады. Дeскриптор 1.Теңгенің өмірде қолданатынын біледі. 2.Монеталардың артық не кем екенін табады. 3.Нәтижeгe жeту үшін орындалатын теңдік және теңсіздік құрады. Сергіту сәті: «Теңге ілу» ойыны. 4 топтан 1 оқушыдан шығып шапшаңдылық пен ептіліктің арқасында өз қоржындарына ұпай жинайды және іліп алған теңгесін майдалайды. Тапсырма №3(ж)Диалог және қолдау көрсету тәсілі. Ойлан, жұптас,бөліс әдісі Есептерді шығар. Неше кері есеп құрастыруға болады? Олардың біреуін шығар? а) Әмиянда 100 теңге және 50 теңгеліктен 4 монета бар. Барлығы неше теңге болады? ә) Санжар а) есепте берілген әмияннан 50 теңгеліктен 2 монета және бір 100 теңгелік алды. Әмиянда неше теңге қалды? Дəптердегі тапсырма бағалау критерийлерін қолданумен орындау ұсынылады. Оқушылар есептерді өздері шығарады. Артық ақшаны қайтарып беруге болатын монеталарды қоршайды. Бағалау критерийі Құны әр түрлі ақшалармен төлем жасайды. Дeскриптор 1. Көрсетілген сомаларды жинақтай алады. 2. Артық ақшаны есептей алады. Монеталар арқылы бағалап отырамын. “Дүкенші мен бала” диалогы. Бала. - Сәлеметсіз бе! Дүкенші: - Сәлеметсің бе! Бала: - Маған 2 теңгеге дәптер беріңізші? Дүкенші былай дейді:- Балақай сенің жасың нешеде? Бала: - Менің жасым жетіде.Мен 2 сыныпта оқимын. Дүкенші: - Жарайсың! Сен маған 5 теңге бердің, мен саған неше теңге қайтаруым керек екенін білесің бе? Бала: - Әрине, білемін. Маған 3 теңге қайтаруыңыз керек. Дүкенші: - Тамаша! Сау бол! Бала: - Сау болыңыз! «Дұрыс және бұрыс тұжырымдар»тәсілі - Теңге дегеніміз не? - Ақшада не бейнеленген? - Ақшаны қалай ұстауымыз керек? - Ақша қалай келеді? №4 47 бет Сабақтан алған әсерін, көңіл күйін Білім ағашы арқылы білдіреді және қалыптастырушы бағалау арқылы бағалау парағымен бағаланады.
Файлдар:
Файлды ару
Теңге. Монета және қағаз ақша
Пікірлер(0)