Заңдылықтар
Математика
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту
Тақырып:
Заңдылықтар
08.01.2020
387
6
Оқу мақсаты | 1.4.3.2 табиғаттағы әрекеттердің және күйлердің тізбегін анықтау, сандардың, фигуралардың, ойыншықтардың, түрлі түсті моншақтардың тізбегін құру және заңдылықтың бұзылуын анықтау |
сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: Сандар тізбегін құрастыру, заңдылықтарын анықтау. Көптеген оқушылар: 100 көлеміндегі сандар, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау. Кейбір оқушылар: Өмірмен байланыстыра отырып, заңдылықтарды табу. |
бағалау критерийі | Сандар тізбегін құрастырады. 100 көлеміндегі сандар, фигуралар тізбектерін анықтайды, заңдылықтарды табады. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
сабақ басы |
Шаттық шеңбері Ақ тілек.Әсем күлкі -Көңіл – күйлеріңіз қалай? -Керемет!(қолдарын көтереді) -Сабаққа дайындықтарың қалай? -Тамаша!(алақандарын шапалақтайды) -Ынталарыңыз қалай? -Ғажап! (қолдарын көтереді) -Ендеше сабағымызды бастайық! -О,о,о (бас бармағын көтереді) | <br> |
сабақ ортасы |
Ұ. Миға шабуыл әдісі Оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге белсендіру мақсатында жетекші сұрақтар қойып, сабақ мақсатын айқындаймыз. -Балалар мынау не? -жалаушалар. -Бұндай жалаушаларды сіздер қай кезде көресіңіздер? (балалардың жауабы) -Бұлар қалай орналасқан? Ендеше бұны заңдылықтар дейміз. -Заңдылықтар қалай орналасады екен? Бүгін біздер сандар тізбегін дұрыс тапсақ ; -100 көлеміндегі сандар, фигуралар тізбектерін анықтап, өмірмен байланыстыра және заңдылықтарды таба білсек бағдаршамның қай түсі жақсы жетістіктерге жеткізеді соған жететін боламыз. (Бағдаршам түсі арқылы бағалап отырады.) Белсенді оқытудың көрсету және модельдеу тәсілі Саралау: жіктеу, тапсырма, диалог және қолдау көрсету 1-тапсырма. Белсенді тақтадан асықтардың суретін қарай отырып, жұмыстанады. -Суреттегі асықтар қандай заңдылықпен орналасқан? Қатарды жалғастыр. Дескриптор: 1. Асықтарды санайды 2. Берілген сандарды асықтармен салыстырады. 3.Заңдылықтарын анықтап, орналастырады. -Енді орындаған тапсырмаларыңды өздерің бағалаңдар. Ол үшін алдарыңдағы парақшаға қаншалықты түсінгендеріңді бағдаршам түсіне сәйкес бояңдар. (Әркім бағдаршам түсі бойынша өзін-өзі бағалайды, түстерін бояйды.) 2-тапсырма. (Белсенді оқытудың зерделеу және зерттеу тәсілі) Саралау: қарқын тәсілі ТЖ. 1-топ: Қай фигуралардың орны ауысып кеткен? Заңдылықтарды сақтай отырып, фигураларды орналастырып көр. 2-топ: Кестедегі қателерді тап. Дескриптор: 1-топ: 1. Фигураларды анықтайды. 2.Заңдылығын табады. 3.Фигураларды орналастырады. 2-топ: 1. Кестедегі қатені табады. 2. Дәптерге сан қатарын дұрыстап жазады. Әр топтың оқушылары бағдаршам түсін бояу арқылы өзара бағалау жүргізеді. Сергіту сәті. Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы) Бірінші күн-дүйсенбі Екінші күн-сейсенбі Үшінші күн-сәрсенбі Төртінші күн-бейсенбі Алтыншы күн-сенбі Жетінші күн-жексенбі ҚБ тапсырмасы 1. Аптадағы күндер атауларын вагондарға өсу ретімен орналастырыңыз. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі Дескриптор: 1. Бірінші вагонға дүйсенбі сөзін орналастырады. 2. Екінші вагонға сейсенбі сөзін орналастырады. 3. Үшінші вагонға сәрсенбі сөзін орналастырады . 4. Төртінші вагонға бейсенбі сөзін орналастырады. 5. Бесінші вагонға жұма сөзін орналастырады . 6. Алтыншы вагонға сенбі сөзін орналастырады . 7. Жетінші вагонға жексенбі сөзін орналастырады. | <br> |
сабақ соңы |
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім | <br> |
Қосымша ақпарат
<br>
Пікірлер(0)