Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару

Қайырбай Еламан Сәлімжан
Қайырбай Еламан Сәлімжан
Ақтөбе обылысы
Қалмақтықырған
Кенестуская ОШ
Математика
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
Тақырып:

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару

23.01.2020
269
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;  
Сабақтың мақсаты: Оқушылар: - Мәтін есепте белгісізді анықтайды; - Мәтін есептің математикалыұ моделін құрады; - Cызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығарады; - Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі; - Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі; - Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешеді.  
Тілдік мақсаттар: Оқушылар: - сызықты теңдеудің анықтамасын және түрін, санды теңдіктердің қасиеттерін, модуль анықтамасын біледі; - тепе-тең түрлендірулерді орындай отырып, теңдеулерді сызықты түрге келтіреді; - теңдеулердің қасиеттерін айта алады; - сызықты теңдеулердің коэффициенттерін нұсқай отырып, сызықты теңдеулерді сипаттайды; - теңдеулердің қасиеттерін қолдана отырып, теңдеулердің шешіміне түсінік береді; - мәтін есептің берілгеніне сәйкес математикалық моделін құрастыру алгоритмін сипаттайды.  
Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар :Мәтін есепте белгісізді анықтай алады; Кейбір  оқушылар: Мәтін есептің математикалыұ моделін құра алады; - Cызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығара алады;   
Бағалау критерийлері: Оқушылар: - Мәтін есепте белгісізді анықтай алады; - Мәтін есептің математикалыұ моделін құра алады; - Cызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығара алады; - Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі; - Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі; - Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығара біледі.  
Құндылықтарды дарыту: Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын; - Өзгенің пікірін құрметтеу; - Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту;   
АКТ-ны қолдану дағдылары: презентация 
Пәнаралық байланыс:  Қазақ әдебиет
Бастапқы білім: Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(0-3 мин)

Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау. Психологиялық ахуал «Неге?» тренингі Оқушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне белгілі бір сөйлем айтады да келесі оқушыға «неге?» деген сұрақ қояды. Ол оқушы ары қарай жауаппен жалғастырады да, «неге?» деген сұрақ қояды. Мысалы, Бүгінгі сабақ ерекше өтеді неге? Келесі оқушы: Өйткені біз сабаққа қызығушылықпен қатысамыз неге? т.с.с. жалғасады. Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.  

Сабақтың ортасы

(4-22)

<p>Баспалдақпен жоғары көтеріле отырып, арифметикалық амалдарды орындаңдар: Жұптық жұмыс 1-тапсырма Қандайда бір берілген санды 4-ке кемітіп, шыққан санның үштен бірі мен үш еселенген бастапқы санның жартысының айырмасы 5-ке тең болса, бастапқы санды табыңыз. 2-тапсырма Автобус пен жеңіл машина арақашықтығы 604 км болатын екі қаладан бір мезетте қарама-қарсы шығып, 4 сағаттан соң кездесті. Егер жеңіл машинаның жылдамдығы автобустың жылдамдығынан 17 км/сағ артық болса, автобустың жылдамдығын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - есептің шартына байланысты математикалық моделін құрады; - теңдеуді құрастырады; - өзінің құрған теңдеуінің түбірін табады; - есептің жауабын негіздейді.&nbsp;&nbsp;</p><p>Сергіту сәті Қолдарын кеудесіне қойып - Менің, Қолдарын жайып - Отаным, Шапалақтап - Қазақстан! Жоғары- төмен қарайық, Оңға, солға түзу тұр. Бойымызға күш жинап, Біз дем алып алайық.&nbsp;&nbsp;</p> https://www.metod-kopilka.ru/sergitu-sti-zhinai-70273.html

Сабақтың соңы

(22-35)

№5. Теңдеуді шешіңдер: (3-2(1-x))/4 = 5/2. №6. Теңдеуді шешіңдер: 1 + x – x2 = -(x – 1) – 25. №7. Теңдеуді шешіңдер: |4x+6|=14.&nbsp;

Рефлексия

(35-40)

Рефлесия: Кері байланыс «Нысана» Сары түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды...» Қызыл түсті шеңбер «маған бәрі түсінікті!» Көк түсті шеңбер «маған көмек қажет»&nbsp;&nbsp;

Пікірлер(0)