Трапеция ауданы

Ирмагамбетова Гульмира Калышевна
Ирмагамбетова Гульмира Калышевна
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Шубаркудукская СШ №3
Математика
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Рационал сандар және оларға амалдар қолдану
Тақырып:

Трапеция ауданы

27.01.2020
188
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:  • трапеция ауданының формуласын қорытып шығара алады;  • трапеция ауданының формуласын есептер шығаруға қолдана алады.  
Тілдік мақсаттар: Оқушылар:  Тік бұрышты үшбұрыштың элементтерін атап айтады;  Пифагор теоремасын қалыптастырады;  Үшбұрыштың белгісіз элементін ауызша айтып белгілейді.   Сұрақтарды жазбаша жазып қалыптастырады. Ауызша өз жауабын ғылыми тілде еркін жеткізетін болады  Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология:  Тік бұрышты трапеция, тең бүйірлі трапеция, катет, гипотенуза, тік бұрышты үшбұрыш, төртбұрыш, төртбұрыш аудандары, параллелограмм ауданы, катеттердің квадраттарының қосындысы, тік бұрыш, биіктік, трапецияның орта сызығы.   Сөйлесулер мен жазу үшін пайдалы сөзтіркестері:  Тік төртбұрыштың ауданы……  Параллелограммның ауданы ....  Үшбұрыштың ауданы....  Квдараттың ауданы ....  Төртбұрыштың периметрі....   
Күтілетін нәтиже: Есептер шығара алады. Өз бетінше тапсырманы орындай алады. 
Бағалау критерийлері: Өзара, топтық.
Құндылықтарды дарыту: Мәңгілік ел идеясын кіріктіру.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Видео, аудио жазбалар
Пәнаралық байланыс: Өнермен байланыс, фигуралар суреттерін салу барсысында.  Жобалаумен байланыс, сызбаларды дайындау барысында.  Киім тігуде және оның сұлбасын салуда қолданылады.   
Бастапқы білім: Оқушылар төртбұрыштар түрлерімен және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар төртбұрыштардың аудандарын есептей алады. Білімдерін белсендендіру төртбұрыштар қасиеттерін қайталау арқылы топтық жұмыспен жүзеге асырылады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

I. Білімдерін жаңарту үшін өткен материалды&nbsp; қайталау. Сыныпты үш топқа бөлінеді. Әр топ 8.1.3.13 «трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану» мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Мақсатты мұғалім алдын ала тақтаға жазып қояды. &nbsp;&nbsp; Әр топ бастапқыда трапеция ауданын қорытып шығару жолын қайталайды, содан соң презентациядағы есептерді шығарады. &nbsp;&nbsp; Оқушылар топтарда жұмыс нәтижелерін талдайды, шешімі мен жауаптарын салыстырады, ұқсастығы мен&nbsp; ерекшеліктерін атап айтады. &nbsp;&nbsp; Бағалау критериі:&nbsp; Трапеция ауданының формуласы дұрысқорытылған.&nbsp; Берілген трапециялардың аудандары дұрыс есептелініп, табылған.&nbsp; Трапециялардың тең шамалылығы дұрыс анықталған. &nbsp; <br>

Сабақтың ортасы

2. Топтардағы&nbsp; жұмыс. &nbsp;&nbsp; Оқушылар топтарда трапеция ауданын қолдануға есептер шығарады. Мұғалім қажет болғанына байланысты оқушылар жұмыстарын бағыттайды және жұмыстарын бағалайды. Мотивациясы жоғары оқушылар консультант ролінде болады. &nbsp; Бағалау критериі:&nbsp; Трапеция ауданының формуласы дұрыс қолданылған.&nbsp; Трапеция ауданының формуласын пайдаланып, оның белгісіз элементі дұрыс анықталған.&nbsp; Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы дұрыс қолданылған. &nbsp;&nbsp; 3. Жұптардағы жұмыс.&nbsp; Оқушылар жұптарда трапеция ауданы формуласын қолдана отырып дәлелдеуге арналған есептер шығарады. Оқушылар жұптарда бір бірімен ақылдасып жұмыс жасайды. Мұғалім бақылайды, қажет болған жағдайда консультация жасайды. Формативтік бағалау жүргізеді. &nbsp; &nbsp; Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.&nbsp; Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, трапецияның белгісіз элементтерін анықтайды. &nbsp; Қабілеті төмен оқушыларға консультация түрінде көмек көрсетіліп отырылады. &nbsp; <br>

Сабақтың соңы

VI. Білім беру мақсатына қол жеткізу деңгейін бағалау «Құмырсқа илеуі» тапсырмасы көмегімен. &nbsp; Оқушылар жаңа тақырып бойынша түсініксіз тапсырма бойынша бір сұрақ жазады. Егер оқушылар қиындық көрмесе, сыныптастар үшін қызықты сұрақ құрастыруы мүмкін. Тапсырма аяқталғаннан кейін оқушылардың&nbsp; жауаптары деңгейіне қатысты кері байланысты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады &nbsp; <br>

Рефлексия

7. Рефлексия&nbsp; Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады: &nbsp;&nbsp; Мен не білемін... &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp;&nbsp; Мен бүгін үйрендім … &nbsp; &nbsp; &nbsp;&nbsp; Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым … &nbsp; Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім … &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін. &nbsp; <br>

Пікірлер(0)