Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Оразова Айнур Маратовна
Оразова Айнур Маратовна
Ақмола
Щучинск
Первомайская сш
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып:

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

27.01.2020
138
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
5.1.2.24 Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу;

5.5.1.4 Санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару.

Сабақтың мақсаты:
Барлығы: Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды есептер шығару барысында қолдана алады;

Басым көпшілігі: Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға арналған есептер құрастыра алады;

Кейбірі: Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға есептерді өздері құрастырып, алгоритм жасап, сәйкестендіреді.

Тілдік мақсаттар:
Оқушылар: - санның (шаманың) бөлігін және бөлігі бойынша санды (шаманы) табуға берілген есептердің шығарылуын түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология: - бөлік; - шама; - жылдамдық, уақыт, қашықтық; - уақыт, өнімділік, жұмыс; - баға, саны, құн; - ұзындық, ені,периметр,аудан

. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - санның бөлшекпен берілген бөлігін табу үшін... керек; - бөлшекпен берілген бөлігі бойынша сандытабу үшін… керек; - жүрілген жолды табу үшін… керек; - орындалған жұмысты табу үшін… керек; - тауардың құнын табу үшін… керек

Күтілетін нәтиже:
Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу;

Санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару.

Бағалау критерийлері:
Санның бөлігін анықтайды;

Бөлігі бойынша санды табады.

Құндылықтарды дарыту: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 4-ші құндылығы «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» арқылы өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, өмір бойы оқуға дайын болу.
АКТ-ны қолдану дағдылары: интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін жетілдіру
Пәнаралық байланыс:
жүрілген жолды табу үшін физикамен;

орындалған жұмысты табу үшін физикамен;

тауардың құнын табу үшін экономикамен.

Бастапқы білім: Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(2 мин 1 мин 4 мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық ахуал: «Киіз үй»

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Таңдаған ленталарының түстеріне байланысты 3 топқа бөліп тастау

ІІІ. ЭКСПО логотипіндегі жапырақтары арқылы оқушыларға сабақтың мақсатын айтып кету;

IV. «Домино» әдісі арқылы өткен тақырыпты тексеру

Оқушыларға сұрақтар мен жауаптар жазылған үлестірме материалдары таратылады. Домино ойынының шарты бойынша құрастырады

Сабақтың ортасы

(5 мин2 мин 8 мин1 мин 3 мин 5 мин 10 мин)

І. «Джигсо» әдісі бойынша әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ. 32 санының 1/4 бөлігіне 25 санының 3/5 бөлігін қосыңыз.

2-топ. 24 санының 5/6 бөлігінен 64 санының 1/8 бөлігін азайтыңыз.

3-топ. 42 санының 3/7 бөлігіне 36 санының 5/12 бөлігін қосыңыз

Дескриптор: Білім алушы - cанның бөлігін есептейді; - қосуды/азайтуды орындайды. Кері байланыс «Желкенді кеме»

ІІ. «Жұптық теннис» әдісі бойынша тапсырмалар беру. Оқушылар жұптасып өрнектер құрастырады, екінші жұп оның мәнін табады. Бесіншіоқушы төреші болады. Төреші өрнектің дұрыстығын тексереді.

1-топ. Сабақтың ұзақтығы 45 мин. Оқушылардың сабақ үстiнде орындаған өздiк жұмысы сабақтың 4/9 уақытын құрады. Өздiк жұмысты орындауға қанша уақыт кеткен?

2-топ. Саратан денесiнiң ұзындығы 3 см және ол шегiртке ұзындығының 3/4-iн құрайды. Шегiртке денесiнiң ұзындығы қандай?

3-топ. Велосипедші 15км жол жүрді. Бұл оның барлық жүруі керек жолының 3/8-і. Велосипедші барлығы қанша жол жүруі керек?

Дескриптор: Білім алушы - есептің шарты бойынша өрнек құрастырады; - cанның бөлігін есептейді; - бөлігі бойынша санды табады; - есептің шешімін табады.

Кері байланыс «Қоқыс шелегі, еттартқыш, портфель»

ІІІ. Ширату жаттығуы «Санамақ»

Мақсаты: Оқушылардың үш тілді жақсы меңгеруін, зейінін шоғылдандыру, қызығушылығын ояту, шапшандық дағдысын дамыту. Оқушылар 1-ден бастап ретпен санайды. Біріншісі қазақ тілінде, екіншісі орыс тілінде, үшіншісі ағылшынша және т.с.с. ІV. Логикалық тапсырмалар

V. «Деңгейлік тапсырмалар сандығы» 1-топқа: А)Машина жолдың 4/5 бөлiгiн құрайтын 160 км жолды жүрiп өттi. Оған әлi қанша жол жүру керек? В) Пойыз 1 сағ-та 40 км жол жүре отырып, 3 сағ-та жолдың 1/5 -iн жүрiп өттi. Жолдың ұзындығын табыңдар. С) Шөп кепкен кезде массасының 2/3 -сiн жоғалтады. т шөптен қанша тонна пiшен алуға болады? 2-топқа: А) Балқаш көлiнiң ұзындығы 600 км, Зайсан көлiнiң ұзындығы оның 1/6 -iне тең. Зайсан көлiнiң ұзындығы қандай? В) Дүкенге әр қорабында 6 кеседен бар 60 жәшiк және кеселер санының 1/3 -iне тең тостаған әкелiндi. Дүкенге барлығы қанша тостаған әкелiнген? С) Қант ұнтағынан кесек қант жасағанда, ол өзiнiң 25 массасын жоғалтады. 26 кг кесек қант алу үшiн қанша килограмм қант ұнтағы керек? 3-топқа: А) Шетен ағашы 100 жыл өмiр сүредi және қайыңның өмiр сүру мерзiмiнiң 2/3 -сiн құрайды. Қайың қанша жыл өмiр сүредi? В) Саябаққа 6 түп бозқараған отырғызылды. Бұл отырғызылған барлық итмұрынның 1/7 -iн құрайды. Ақжұпар бозқараған мен итмұрынды бiрге алғандағы санынан 9 түпке артық отырғызылды. Саябақта қанша ақжұпар отырғызылған? С) Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы 9 см, ені ұзындығының 2/3 бөлігін, ал биіктігі енінің 1/2 бөлігін құрайды. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - есептің шарты бойынша өрнек құрастырады; - cанның бөлігін есептейді/ бөлігі бойынша санды табады; - есептің шешімін табады.

VІ. Шығармашылық жұмыс Есептің өрнегін жазыңыз Сәйкестеңдіріңіз санның бөлігін табу бөлігі бойынша санды табу Суретке қарап мәтін есеп құрастырыңыз және теңдеу құрып шешіңіз. Кестені толтырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы - берілген сурет бойынша есептің шартын құрастырады; - құрастырған есеп бойынша өрнегін шығарады; -өрнектің шығару алгоритмін құрастырады; -есептің шешімін табады және сәйкестеңдіреді

Сабақтың соңы

(4 мин)

Үйге тапсырма:

№ 563; №572

Рефлексия «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»

Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылыр өз қайықтарын

Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалады.

Рефлексия

(2)

«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»

Файлдар:

Файлды ару Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Пікірлер(0)