17X5,84:4түріндегі кестеден тыс ауызша көбейту және бөлу

Мейрманова Нагима Битимбаевна
Мейрманова Нагима Битимбаевна
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Шубаркудукская ОШ №6
Математика
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Кестелік көбейту және бөлу
Тақырып:

17X5,84:4түріндегі кестеден тыс ауызша көбейту және бөлу

01.02.2020
389
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 3.1.2.7.кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5,  96:6,  75:15,  84:4  ауызша көбейту  және  бөлуді орындау. 3.1.2.9.100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту және бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу,  қосындыны санға көбейту ережесін қолдану. 3.2.1.3.көбейтудің  үлестірімділік және терімділік қасиеттерін  әріптік теңдік түрінде:  (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b–c) =ab–ac көрсету және қолдану. 3.2.1.5.сандық өрнектерді салыстыру (3арифметикалық амалдан тұратын).

Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Санның квадраты мен кубын түсіну, рационалды есептеу үшін көбейту қасиетін пайдалану, қалдықпен бөлуді білу, кестеде тыскөбейту мен бөлуді ауызша орындау, қосындыны бөлу ережесін қолдану және бір таңбалыі санға айналдыруды б біледі.  Бірқатар оқушылар: 100 сан шегіндегі санды көбейтуді және бөлуді ауызша орындау кезінде санға қосындыны  көбейту, көбейту мен бөлу амалдарын қамтитын ең қарапайым көбейтуді, түрдің күрделі құрылымы теңдеуін шешу, көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде беру және қолдануды үйренеді Кейбір оқушылар: Өз бетіменкөбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолданады.

Тілдік мақсаттар: Тілдік оқу мақсаты •    -Бірдей көбейткіштердіңкөбейтіңдісі басқаша жазуға бола ма?  •    -Осы өрнектің қысқаша жазбасы бар ма, қалай ойлайсыз? •    Көбейту қасиеттері не үшін ойлап табылды?  Неліктен екенін айта аласыз ба…?  •    .....екі бірдей көбейткіштердіңкөбейтіңдісін квадрат деп атаған? •    ( үш бірдей көбейткіштердіңкөбейтіңдісін куб деп атаған?) •    .....көбейтудің үлестірімділік қасиетін білу керек пе? •    (көбейтудің терімділік қасиеті?) •    .....көбейту қасиетін білу керек пе? •    ...... қалдық бөлгіштен аз болу керек пе? •    Қалай екенін айта аласыз ба…?  •    .... қалдықпен бөлуді бір мәнді сан етіп орындау ма? •    .... 17•5 (96:6, 75:15, 84:4) мәнін ауызша көбейту (бөлу) Пәндік лексика және терминология •    •    сан деңгейі; •    санның квадраты; •    санның кубы; •    көбейтудің терімділік қасиеті; •    көбейтудің үлестірімділік қасиеті.

Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Сиқырлы айналу» жылулық шеңбері. «Мен және аспан» Педагог балалардың назарын аспанның әдемілігіне аударады.Балалар аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады;үлпілдік ақша бұлттаға,жауар бұлттай түнерген аспанға,мейірімді жылы күнге,ай мен жұлдыздарға,қарлығашқа,бозторғайға,шымшыққа,бүркітке т.б.айналады. «Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды  қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады. 1-топ «Бақыт жалаулары» 2-топ «Арман жалаулары» 3-топ «Қуаныш жалаулары» Жұмыс ережесін келісу      Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!      Уақытты үнемдейміз!      Нақты,дәл жауап береміз!      Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!      Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Белсендіру.  №1тапсырманы есептеп, қай сурет қандай бояумен салынғанын анықтайды. 11-ге көбейтуді балалар біледі. 11=10+1 қосындыны санға көбейту ережесін қолданып, бұл ұқсас амалды орындауға болады. Сонымен қатар қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесін қайталау да бағдарламаға енеді. Ережелердің әріптік жазбасы тақтаға ілінеді.

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы. Жаңаны ашу. Жаңаны ашу үшін алгоритм құру бойынша жұмыс жасайды.Бұл үшін №2 тапсырманың жазылуында түрлі түсті бағдарлар  берілген.   17∙5=(10+7)∙5=10∙5+7∙5=50+35=85   Топ бойынша оқушыларға қадамдарды ретімен орындауға тапсырма беруге болады: 1. Санды разрядтық қосылғыштарға жікте. 2. Әрбір қосылғышты санға көбейт. 3. Шыққан нәтижелерді қос. Бұл сабақта тексеру жүргізудің қажеті жоқ, себебі кері амал әлі өтілмеген. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. №3 тапсырмада мысалдардың бір бөлігін түсінік бере отырып орындау керек. Түсінік беру үшін үлгі-алгоритмді қолдануға болады: Формативті бағалауға арналған дәптерден өздік жұмыс. Түсіндіре отырып есептеу ұсынылады. Балаларға өзін- өзі тексеру үшін үлгі беріледі: 28∙4=(20+8)∙4=20∙4+8∙4=80+32=112 45∙9=(40+5)∙9=40∙9+5∙9=360+45=405 69:3=(60+9):3=60:3+9:3=20+3=23 77:7=(70+7):7=70:7+7:7=10+1=11 Жетістік критерийлері ұсынылады: Мен:      Кестеден тыс ауызша көбейту мен бөлуді орындаймын. Қосындыны бір таңбалы санға көбейту мен бөлу ережесін қолданамын.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Жаңаны қолдану. Сабаққа үш таңбалы сандарды көбейту мен бөлу жағдайлары да енгізілген. Мұндай мысалдарды балалардың өздері сабақтың басында құрастырған алгоритм негізінде түсіндіріп бере алады. Тек ол кезде санды 2-ге жіктеген, ал енді 3 қосылғышқа жіктейді. Осылай 963:3 түріндегі бөлу тәсілін балалар №2 тапсырмадан көрді, ал 204∙2, 242∙2, 408:2, 484:2  және №:6 (а) және 7(а) №:6 (ә) және7 (ә) тапсырмаларын шетінен орындауға болады. Өткенмен жұмыс. №4 тапсырма орындалу ретін анықтауға  арналған. Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр. Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.  (ҚБ)

Рефлексия

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Жетістік баспалдағы» кері байланыс.

Пікірлер(0)