Толық ондықтар.100 саны
Математика
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Сандармен амалдар. Есептер
Тақырып:
Толық ондықтар.100 саны
05.02.2020
417
9
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | <p><br></p><p> 2.1.1.1 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау </p> |
Сабақтың мақсаты: | Ондықтармен санауға, ондықтардан тұратын сандарды шығарып алуға және оларды атауға үйрету.Бір ондықты қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру |
Тілдік мақсаттар: | • Санау • Қосу • Шарты • Сұрағы • Шешуі • Жауабы |
Күтілетін нәтиже: | Есептерді әртүрлі әдістермен шығара алады. |
Бағалау критерийлері: | 0-ден 10-ға дейінгі сандар.11-ден 20-ға дейінгі сандар туралы біледі Тапсырмалар арқылы сұрақтары бар есептерді ажыратады; күрделі есептерді шешуде әртүрлі әдістерді пайдаланады. Жүйелейді: 10-нан жоғары сандар жөнінде Қолданады: заттарды саналанда сандарды дұрыс қолданды |
Құндылықтарды дарыту: | сыйластық жауапкершілік |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | |
Пәнаралық байланыс: | Қазақтілі, дүниетану |
Бастапқы білім: |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы |
І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару. «Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз, Білімнің шыңына біз шарықтаймыз!» Өткенді қайталау Көршілерді тап 11 13 16 17 19 20-дан 1-ге дейін кері санату «Кім білгіш» ойыны. 2+3= 5+2= 8+1= 3+3= 6+1= 9+1= 4+3= 7+2= 2+1= Бүгінгі сабағымызда өткен сабақпен ұштастыра отырып 11-ден 20 ға дейінгі аралықтағы реттік және есептік санау бөлімін тиянақтаймыз.Тапсырмаларды орындау барысында қызығушылықты ояту бөлімінде айтқандай көзбен көріп,құлақпен естіп, қолмен жазып,аяқтарымен шапшан қозғалу арқылы сабақты қызықты әрі тартымды өтуіне тілектеспін Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Мақсатына сүйене отырып, критерийлерді анықтау. | |
Сабақтың ортасы |
Қызығушылықты ояту. «Ойлан,тап!» Математика оқулығымен таныстыру. Шартты белгілерді таныстыру. Не үшін қажет екенін түсіндіре отырып, қалай пайдалануды үйрету. Қосу кестесінің қандай бағандардан тұратынына назар аударуын сұраңыз. Бірінші саннан бастап кестедегi қосудың баған бойынша орналасуындағы ортақ негізгі принципін айтыңыз. Жауабы: 2 саны; 10 саны; 8 мысалдың жауабы 9 болады; Олар мыналар: 8 + 1; 7 + 2; 6 + 3; 5 + 4; 4 + 5; 3 + 6; 2 + 7; 1 + 8. Ойлан. Тапсырманы барлық оқушылармен бірге орындаңыз. Қандай сандардың қосындысының нәтижесі 10 болатынын кестені зерттей отырып іздеуді ұсы-ныңыз. Жауабы: 9 түрлі жағдай: 9 + 1; 8 + 2; 7 + 3; 6 + 4; 5 + 5; 6 + 4; 7 + 3; 2 + 8; 1 + Қосу кестесі қосу амалының нәтижесін тез есептеу үшін қажет. Сабақта оқушылар барлық бір таңбалы сандарды қосу үшін қосу кестесін құрастырып және пайдаланып үйренеді. Соның ішінде ондықтан аттап қосуда да кестені пайдаланады. Кестенің көмегімен 20-ға дейінгі сандарды қосып, нәтижесін тауып үйренеді. Жаттығу жұмыстары 1-жаттығу. Балалар футбол добын қақпайлаған қақпашының суретін қарастырады. «Гол, соқ!» ойыны түрінде жүргізіледі. Алдымен 2+=10 деген өрнек құрылады. Ал кейіннен балалар сондай саны бар допты таңдап, тура теңдікті шығарады. Одан кейін қосындының мәні өзгеріп, ойын жалғасады. 2-жаттығу. Жалпылама ауызша орындауға болады. 3-жаттығу. Нұсқа бойынша таптарда жаппай жұмыс ұйымдастырылады. Кестедегі әр жолға белгілі бір сурет сәйкес келеді. Осы суреттерден тұратын кестенің жанында өрнектер қарастырылған. Балалар кестеден тиісті санды таңдап алып, өрнек құрастырады және олардың мәнін табады. Өрнектер санын алдын ала келісіп алуға болады. 4-жаттығу. өзіндік жұмысы ретінде беруге болады. Соңынан тексеру қажет. 5-жаттығу. тақтамен жұмыс. Мұнда оқушылар көшіріп жазуды естеріне түсіреді. Сонан кейін оқушылар мұғалімнің басшылығымен кері есептер құрастырып, оларды ауызша немесе жазбаша орындайды. Егер жұмыс ойдағыдай орындалса, өздік жұмыс дәптеріндегі Сонымен балалар бүгінгі сабағымызда 1-20 дейін санаумен қатар математикалық амалдарды қолдаудық. Кубизм арқылы қорытындылау. 1. 1-ден 10- ға дейін ретімен сана? 2. 20- дан 10-ға дейін кері сана? 3. 6- ның көршілерін ата? 4. 10 -нан 1-ге дейін кері сана ? 5. 1-ден 20 ға дейін сана? 6. 9-дың көршілерін ата? Жауаптары бірдей болатын мысалдарды сызықпен қос. Оқушылар мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шешеді және жауаптары бірдей мысалдарды сызықтармен қосады. Жауабы: 4 + 5 = 9; 3 + 6 = 9; 6 + 2 = 8; 4 + 4 = 8; 8 + 2 = 10; 7 + 3 = 10; 3 + 4 = 7; 2 + 5 = 7; 4 + 1 = 5; 3 + 2 = 5; 3 + 3 = 6. 4 + 2 = 6. Қосу кестесінің көмегімен жауаптарды тап. Mысалдарды мұқият қарап шығып, қосу кестесінің көмегімен тапсырмаға сәйкес келетін нұсқаларды табу керек. Сосын олар бірінші қосылғышты көк, ал екіншісін қызыл қарындашпен қоршау керек. а) 2 + 8; 7 + 3; ә) 8 + 1, 4 + 5, 7 + 2; б) 2 + 1; в) 8 + 2, 1 + 9. Өзара бағалау ( дескриптор бойынша) Бағалау СГ 2. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету Оқытудың мақсаты бойынша. Бағалау кртитериі Дескриптор Кез келген есептерді шығару тәсілдерін мен анықтамаларды пайдаланады Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып тексереді Шығарылған есептердің дұрыстығын бақылайды Тапсырмалардың нәтижесін тексеру Шығарылған есептердің жақсы үлгілерін көрсетеді | |
Сабақтың соңы |
Қорытынды. Не үйреніп,не білдік? Сабақта не қызық болды? Қандай қиындықтар кездесті? Не маңызды болды деп ойлайсыңдар? Келесі сабақта қандай жұмыс түрімен жұмыс жасау | |
Рефлексия |
№ Сұрақтар ия жоқ 1. Есепті талдай отырып, шартын құра аламын. 2. Есептің сұрағын қоя білемін 3. Есептің дұрыс шешімін таба аламын. 4. Есепті әртүрлі әдістермен шығаруды түсіндім. Кері байланыс кестені толтыру арқылы жасау: Денсаулық сақтау Қауіпсіздік техникасының сақталуы Өзін-өзі «Жетістік баспалдағы » арқылы бағалау. Білмеймін Білемін Түсінемін,орындаймын. Басқаларға көмектесе аламын. |
Пікірлер(0)