Жай бөлшектің негізгі қасиеті.Бөлшектерді қысқарту
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып:
Жай бөлшектің негізгі қасиеті.Бөлшектерді қысқарту
05.02.2020
136
1
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | <p>5.1.2.14 жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану;</p><p> 5.1.2.15 жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. </p> |
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар жай бөлшектерді қысқартып, жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады. |
Бағалау критерийлері: | Оқушылар, егер: • бөлшекті дұрыс қысқартса; • бөлшекті дұрыс ортақ бөлімге келтіре алса, мақсатына жетеді. • бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде және керісінше жазуды түсіндіре алады; • жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады |
АКТ қолдану дағдылары | презентациямен жұмыс жасау |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім және оқушылар бір-бірімен амандасады. Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижелерін оқушылармен талқылайды. | |
Сабақтың ортасы |
Ауызша есептеу. Слайд № 3,4. Жай бөлшектерді қайталау Слайд № 5. Логикалық есеп.Суретте қанша шаршы көріп тұрсыңдар? (27 шаршы) -Ең кіші шаршы үлкен шаршының қандай бөлігі? - Ортадағы шаршыны қарастырайық, ол тоғыз кіші шаршыдан тұрады. Ол үлкен шаршының қандай бөлігі? Тексеру диктанты. Жұппен жұмыс. Дескриптор: Білім алушы -боялған бөлігін жай бөлшек түрінде жаза алады; -бөлшекті оқып, жаза алады; - метрдің және килограммның бөлігін бөлшек түрінде жаза алады. Жаңа материалды түсіндіру Жаңа материалды қайталау тапсырмаларынан бастаған дұрыс. Слайды № 6Оқушылар жеке тапсырмаларды орындап, презентациямен тексереді. Келесіде мұғалім оқушыларды жай бөлшектердің негізгі қасиетін өздері тұжырымдауға бағыттайды. Слайд № 7. Сабақты бекіту. Слайд № 8 Жай бөлшектің негізгі қасиетін қолданып, оқушылар бөлшектердің теңдігін түсіндіреді. | Қосымша-1 http://www.cleverstudents.ru/numbers/basic_property_of_fraction.html Презентация |
Сабақтың соңы |
Слайд №9. бөлшегін оқушылар ортақ бөлімдерге 12 және 16-ға келтіреді. Қалай орындағандары жайында оқушылар өз жауаптарын түсіндіреді. Дайын жауаптар бойынша өзара тексеріп, бағалайды.. Дескриптор: Білім алушы -бөлшектің қасиетін қолдана алады; -бөлшекті оқып, жаза алады; - бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады. Үй жұмысы х -тің орыны қандай сан қойғанда дұрыс теңдік болады | |
Рефлексия |
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды: - кім біледі, нені үйрендік - не түсініксіз болды - әлі немен жұмыс жасау керек |
Пікірлер(0)