Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып:
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
07.02.2020
185
3
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): |
5.1.2.24 санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу;

5.5.1.4санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;

Сабақтың мақсаты: |
Оқушылардың барлығы:

- санның бөлігін таба алады;

- бөлігі бойынша санды таба алады;

- санның бөлігі және бөлігі бойынша санды табу анықтамасын біледі.

Тілдік мақсаттар: |
Бөлім бойынша лексика мен терминалогия:

– Бөлік.

– Шама.

– Баға, саны, құн.

– Ұзындық, ені, периметр, аудан.

Диалогке қажетті тіркестер:

– Санның бөлшекпен берілген бөлігін табу үшін ... керек.

– Бөлшекпен берілген бөлігі бойынша санды табу үшін ... керек.

Күтілетін нәтиже: | Жаңа тақырыпты толығымен оқушының меңгеруі |
Бағалау критерийлері: |
Оқушылардың барлығы:

- санның бөлігін табады;

- бөлігі бойынша санды табады;

- санның бөлігі және бөлігі бойынша санды табу анықтамасын біледі.

Құндылықтарды дарыту: | Қазақстандық патриотизм және өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау, жауапкершілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау қабілетін дамыт, өмір бойы оқуға дайын болу. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | |
Пәнаралық байланыс: | Қазақ тілі пәні мен әдебиеті (анықтамаларды дұрыс, нақты айту, бір-біріне түсінікті жеткізе білу, Абай Құнанбаевқа 175 жыл, Бердібек Соқпақпевқа 95 жыл, Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл екенін білуі). |
Бастапқы білім: | Бөлшек, бөлшектің алымы мен бөлімі, бөлік, бөлшектерге амалдар қолдану, натурал сандарды бөлшекке көбейту және бөлу. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (10мин) |

Ұйымдастыру кезеңі:

1) оқушылармен амандасу;

2) оқушыларды түгендеу;

Топқа бірігу Оқушылар түрлі түсті қағаздар суырады, ол қағаздарда натурал сандар, бөлшектер және аралас сандар бар.

Алған қағаздары бойынша топқа бірігеді.

І топ: «Натурал сандар»

ІІ топ: «Жай бөлшектер»

ІІІ топ: «Аралас сандар»

Алғашқы білімдерін, үй жұмысын тексеру. Әр оқушы дәптерін көршіге беру арқылы интербелсенді тақтадан дұрыс жауапты қарап есепті тексереді.

Топтық жұмыс Белсенді оқыту:

«Сұрақ қою және талқылау» әдісі «Сұрақтар қобдишасы»

Шарты: Әр топ 1 қобдиша таңдап ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

1-ші қобдиша

1. Натурал сан мен аралас сандар қалай қосылады?

2. Натурал саннан бөлшекті қалай азайтамыз?

3. Натурал саннан аралас санды қалай азайтамыз?

2-ші қобдиша

1. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?

2. Бөлімдері әртүрлі бөлшектер қалай қосылады?

3. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?

3-ші қобдиша

1. Аралас сандар қалай қосылады?

2. Аралас саннан бөлшек қалай азайтылады?

3. Аралас сандарды қалай көбейтеміз?

ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы әр топ бір-бірін бағалайды.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы топтар тақырыпты талдайды.

1. Санның бөлігін табу үшін ...

2. Санды берілген бөлігі бойынша табу үшін ...

Жаңа тақырып: Мұғалім оқушыларға интербелсенді тақтадан санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу тақырыпшаларына бейнетүсіндірмені көрсетеді.

Оқушылар дәптерлеріне керек мәліметтерді қысқаша жазып отырады.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы топтар тақырыпты талдайды.

1. Санның бөлігін табу үшін ...

2. Санды берілген бөлігі бойынша табу үшін ...

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/5-synyp/boligi-bojynsha-sandy-tabu--11189?mid=fe765990-9d59-11e9-be78-49d30a05e051

Сабақтың ортасы (25мин) |

Әр топқа жеке саралау тапсырмалары

«Қарқын» әдісімен беріледі.

І топқа: Әкесі жуынатын бөлме мен дәліздің еденіне кафель төсеп, жөндеу жұмыстарын жүргізбекші болды. Үш күннің ішінде ол жуынатын бөлменің еденіне ғана кафель төсеп болды, бұл барлық жоспарланған ауданның 5/12 бөлігі. Егер жөндеуге жоспарланған барлық аудан 300〖 м〗^2 болса, жуынатын бөлменің ауданы қанша болғаны?

Ереже:

Санның бөлігін табу үшін санды сол бөлікке көбейту керек.

Барлық аудан – 300〖 м〗^2

Жөнделген – 5/12 бөлігі

Жөнделген аудан –?

Шешуі: 300 • 5/12 = (300 • 5)/12= 125

Жауабы: 125〖 м〗^2

Дескриптор:

топ оқушылары

– есептің шартын түсініп, өрнек құрастырады;

– санның бөлігін табады

– жауабын жазады.

ІІ топқа: Балқаш көлінің ұзындығы 950 км, Зайсан көлінің ұзындығы оның 1/10 -ына тең. Зайсан көлінің ұзындығы қандай?

Балқаш – 950 км

Зайсан – 1/( 10) бөлігі

Шешуі: 950 • 1/10 = 95

Жауабы: 95 км.

Дескриптор: топ оқушылары

– есептің шартын түсініп, өрнек құрастырады;

– Санның бөлігін табады

– жауабын жазады.

ІІІ топқа:

Шетен ағашы 125 жыл өмір сүреді және қайыңның өмір сүру мерзімінің 5/7 - сін құрайды. Қайың қанша жыл өмір сүреді.

Ереже: Санды оның берілген бөлігі бойынша табу үшін санның бөлігін оның бөлшегіне бөлу керек.

Шетен ағашы =125 жыл

Қайың – 5/7-сін құрайды

Қайың қанша жыл өмір сүреді = ?

Шешуі: 125: 5/7 = (125 • 7)/5 = 175

Жауабы: 175 жыл

Дескриптор:

топ оқушылары

– есептің шартын түсініп, өрнек құрастырады;

– бөлігі бойынша санды табады;

– жауабын жазады.

Осы сандарға байланысты осы жылы қандай айтулы іс-шаралар өткізіледі? Ұлы ғұлама ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы Сәкен Сейфулиннің туғанына 125 жыл. Қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақпаевтың туғанына 95 жыл. Сергіту сәті Оқушыларға жұмбақ жасырылады, жұмбақтың жауабын үш тілде айтады.

Оқулықтан №676 тапсырма

Дескриптор: жұп оқушылары

– бөлшектің бөлігін табады

– жауабын жазады.

"Бас бармақ әдісі" арқылы бір-бірін бағалау

Дескриптор: жеке оқушылар – бөлігі бойынша санды табады; – жауабын жазады.

Қорытындылау: "Үй құрастыру" әдісі бойынша қортындылаймын:

3 топтан 3 оқушыдан кезекпен шығады, үйдің әрбір бөлігіндегі сұрақтарға жауап бере отырып үй құрастырады.

1 топ Үйдің қабырғасы: Бөлігі бойынша санды қалай табады? Шатыр: 6 мысықпен 3 тауықтың аяғы нешеу? Есік: Алымы бөлімінен кіші бөлшек қалай аталады? Терезе: 16 мен 8-дің көбейтіндісі? Терезе: 2/5-тің өзара кері санын қандай? Шарбақ: Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөлп беруге болады? Ағаш: Аралас сан дегеніміз не? Мұржа: 7/2 аралас санға айналдыр

2 топ Үйдің қабырғасы: Санның бөлігін қалай табады? Шатыр: 70 минут көп пе, әлде 1 сағат 10 минут көп пе? Есік: Бөлімі алымынан кіші бөлшек қалай аталады? Терезе: 12 мен 8-дің көбейтіндісі? Терезе: 3/10-тің өзара кері санын қандай? Шарбақ: Дұрыс бөлшек дегеніміз не? Ағаш: 8-дің 2 дәрежесі қанша? Мұржа: 5 сағатта неше минут бар?

3 топ Үйдің қабырғасы: Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді, 2-еуі түсіп қалды. Ағашта неше алма қалды? Шатыр: Бұрыс бөлшек дегеніміз не? Есік: Алымы бөлімінен кіші бөлшек қалай аталады? Терезе: 11 мен 12-нің көбейтіндісі? Терезе: Тақ сандарды ата Шарбақ: 75/2-ті аралас санға айналдыр Ағаш: Бұрыс бөлшек дегеніміз не? Мұржа: Жұп сандарды ата.
| Оқулық Математика: Жалпы білім беретін мект. 5-сыныбына арн. / Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов. - Алматы: Атамұра, 2017), жұмыс дәптері |
Сабақтың соңы (2мин) |
Үй тапсырмасы №676(2,4,6) №677(1,3,5,7) | |
Рефлексия (3мин) |

Рефлексия

"Білім ағашы" Оқушылар алдындағы қызыл, жасыл, сары түсті стикерлерді таңдап, білім ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады. Мұндағы жасыл түс - бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды. Сары түс - бүгін көп нәрсені түсіндім, түйгенім көп. Қызыл түс - бүгін сабақта түсінбегенім бар, әлі оқуым керек.

Файлдар:
Файлды ару
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Пікірлер(0)