Жомарттық пен кеңпейілділік
Өзін-өзі тану
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Адам болам десеңіз
Тақырып:
Жомарттық пен кеңпейілділік
11.02.2020
57
0
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Білімділік: оқушыларға жомарттық пен кеңпейілділік ұғымдарын қамқорлық қасиеті арқылы түсіндіру; Дамытушылық: оқушылардың айналасындағы адамдарға қайырымды іс жасау қасиетін дамыту; Тәрбиелік:оқушыларды қайырымдылыққа , қамқорлыққа , жанашырлыққа тәрбиелеу. |
Сабақтың мақсаты: | оқушыларға жомарттық пен кеңпейілділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. |
Тілдік мақсаттар: | адамдармен үйлесімді қарым-қатынас жасауға , жағымды сөйлеуге үйрету |
Күтілетін нәтиже: | айналасындағы адамдарға кеңпейілділік танытып , жомарттық көрсетеді |
Бағалау критерийлері: | адамдарға деген жанашырлығы , қайырымдылығы , қамқорлығы артады |
Құндылықтарды дарыту: | жанашырлық , қайырымдылық , қамқорлық қасиеттерін дамыту арқылы сүйіспеншілік құндылығын жарыққа шығару |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Жағымды күйге келу кезінде "Путь сердца" релаксациясы және "Біз өмірдің гүліміз" әнінің музыкасы компъютер арқылы қосылады. |
Пәнаралық байланыс: | қазақ тілі , әдебиеттік оқу , музыка |
Бастапқы білім: | адамдармен жағымды қарым-қатынас дағдылары |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.5Т қадағалау.Жағымды күйге келу. | "Путь сердца" релаксациясы |
Сабақтың ортасы |

Үй тапсырмасын тексеру:Ы.Алтынсариннің «Жомарт» әңгімесін талдау:-Атымтай жомарттықты қалайша түсіндірді? -жомарт адамдардан қандай үлгі алуға болады? -жомарт адам болу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керек деп ойлайсыңдар? -сеніңше жомарттықты тағы қалай көрсетуге болады? -өзіңнің қамқорлық көрсеткен кезің болды ма? -қандай қайырымды іс жасадыңдар? -қандай жағдайда жанашырлық таныттың? Дәйексөз «Адамның қадірлісі-жомарт кісі» Ж.Баласағұни 2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу , бірге қайталау.Дәптерге жазу.

Әңгімелеу М.Сүндетов «Қайырымдылық» -Мұқтар қайдан келе жатыр еді? -жолда ол не көрді? -Мұқтардың қандай қасеттерін байқадыңдар? -өздерің осындай жағдайды кездестірдіңдер ме?Не істедіңдер? -сен қандай жанашырлық таныттың? -біреудің қайырымды ісі туралы баяндап бере аласың ба?

Шығармашылық жұмыс: оқулықтағы 2-тапсырманы орындау.

Топпен ән айту: Ә.Дүйсенбиев пен Б.Ғизатовтың Біз өмірдің гүліміз әнін бәрге орындау.

| Өзін-өзі тану оқулығы 99 бет |
Сабақтың соңы |

№22 сабаққа Е.Өтетілеуұлының «Жомарт» әңгімесін оқып және мазмұндап келу

| Өзін-өзі тану оқулығы 101-102 бб |
Рефлексия |
Соңғы тыныштық сәтi:Аяқ-қолымызды айқастырмай , түзеліп отырып , бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен істерді жүрегімізге сақтап алайық.Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар! | . |
Пікірлер(0)