Минут
Математика
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Сандар және заңдылықтар
Тақырып:
Минут
13.02.2020
3529
14
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | уақытты бағдарлайды сағат, минут, күн, апта, ай. тиісті уақыт өлшем бірліктерін қолданады. олардың арасындағы өзара байланысты түсінеді. |
Сабақтың мақсаты: | Оқиғалардың ұзақтығын негізге ала отырып, уақыт түсінігін жаңа өлшем ретінде енгізу. Түсінуге жағдай жасау және оқиғаларды ретімен орналастыра білуге жаттықтыру. |
Тілдік мақсаттар: | уақыт; бұрынырақ; кейінірек; алдымен; содан кейін; таң; күн; кеш; түн. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | интернет ресурстар |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы |
Суретке қарап неше минут өткенін анықта. Оқушылар оқулықтағы иллюстрацияға қарап электронды сағат бойынша (10:05-тен 10:15-ке дейін) неше минут өткенін анықтайды. Осы сабақта оқушылар уақытты өлшеу құралдарымен (механика лық, электрондық және құмсағат) танысады. Бақылау барысында олардың уақытты электронды сағатпен анықтай алу дағдыларының қалыптасқанын білуге болады. Жауабы: 10 минут. Шығарып көр. Тапсырманы жұппен немесе топпен орындатыңыз. Осы тапсырма арқылы оқушыларда 1 минутпен, 5 минутпен есептеу дағдылары қалыптасады. Оқушылар циферблаттағы минуттық тілдің қозғалысы туралы білімдерін бекітеді. Жауабы: 10 мин, 15 мин, 30 мин, 5 мин. Сен білесің бе? Бұл ақпарат оқушыларға пайдалы болып табылады. Ересек адамның ағзасы қалыптасқан, сондықтан тұрақты көрсеткіштерді көрсетеді. Сол себепті медицинада ересек адамның тамыры ми нутына шамамен 60—65 рет соғады деп есептеледі. | |
Сабақтың ортасы |
Орындап көр. Тапсырма әр оқушының жеке орындауына арналған. Оқушыларға жүрек тамырының соғысын санауды ұсыныңыз. Әр оқушы 1 минуттағы тамыр соғысының санын санайды. Оқулықта берілген суретке сүйене отырып, білек тамыры арқылы тамыр соғысын қалай есептеуге болатынын көрсетіңіз. Оларға бірдей уақытта бастауға бұйрық беріңіз. Оқушылар жүрек соғысын санауы тиіс. Содан соң бірге аяқтау үшін бұйрық беріңіз. Санап болған соң оқушылардан нәтижесін сұраңыз. Олардың нәтижесі әртүрлі болуы мүмкін. Бұл бала ағзасының белсенді дамып жатқанын көрсетеді. Адамның тамыр соғысы медицинада ересектер мен балалар денсаулығын анықтайтын көрсеткіштің бірі екенін түсіндіріңіз. Ойлан. Тапсырма оқушылардың ойлау қабіле тін дамытуға бағытталғандықтан, әр баланың жеке орындауына ұсыныс жасаңыз. Тапсырманы орындай отырып, әр баланың тоғызқұмалақты неше минут ойнағанын табуы тиіс. Сондай-ақ тапсырма барысында қазақ халқының тоғызқұмалақ ойыны және оның ережесі туралы қысқаша түсіндіре кетіңіз. Жауабы: әр бала тоғызқұмалақты 20 минут ойнады. | |
Сабақтың соңы |
Өзіңді тексер. Оқушылар 1 минутта жұмыс дәптеріндегі гүлдер мен доптардың нешеуін бояп шығатынын анықтайды. Қыздар гүлдерді, ал ұлдар доптарды таңдап алуы мүмкін. Осы тапсырманы орын дай отырып, оқушылар минут — белгілі бір уақыт аралығы деген түсінікті бекіте алады, яғни минуттың ұзақтығын сезіне алады. Бұл тапсырма оқушыларды ұқыптылыққа және жылдам орындауға баулиды. Тапсырманы орындап болған соң нәтижесін білу үшін оқушыларға сұрақтар қойыңыз: — 1 минутта неше гүлді (допты) бояй алдың? — Қалай ойлайсың, егер көлемі үлкен болса, сен гүлдер мен доптарды көбірек бояй аласың ба? Неге? | |
Рефлексия |
Оқушылар сабақ соңында: минут уақыт кесіндісі екенін; бір минут ішінде қандай іс-әрекеттерді қанша рет орындауға болатынын; минуттың уақыт өлшем бірлігі екенін түсінетін болады. Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін мынадай бағалау парағын беруге болады. Бағалау парағында дұрыс және бұрыс пікірлер берілген. Оқушылар дұрыс жауапты “+” таңбасын қою арқылы белгілейді. |
Файлдар:
Файлды ару
минут
Пікірлер(0)