Электр тогының жұмысы мен қуаты
Электр тогының жұмысы мен қуаты
| Сабақ негізделген оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.12.-жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану |
| Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар үшін: • Электр тогының жұмысы мен қуатына түсінік бере отырып, формулаларын қорытып шығарады Басым бөлігі үшін: • Жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолданады Кейбір оқушылар үшін: • Тәжірибе арқылы тұрмыстық құрылғылардың шығынын есептейді. |
| Бағалау критерийі | -Электр тогының жұмысы мен қуатының формуласын біледі; -Формуласын есептер шығаруда қолдана алады; -Тәжірибе арқылы тұрмыстық құрылғыларды электр шығынын есептеп , салыстырады. |
| Тілдік мақсаттар | Физикалық шамаға ауызша және жазбаша сипаттама бере алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология Жұмыс, қуат,1Вт, 1Дж; Диалог үшін пайдалы сөз тіркестері Электр тогының жұмысын сипаттау үшін ... Қуатты табу үшін ... |
| Құндылықтарға баулу | Еңбек өнімділігін арттыруда, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, Энергетикада қуатты құрылғыларды қолдану арқылы жұмыстан ұтыс алуға үйрету. Тұрмыстық техника сатып алуда алған білімдерін қолдануға баулу. |
| Пəнаралық байланыс | Математика-есептер шығаруда амалдар қолдану. Информатика-ақпарат алу. Биология-адам организміндегі бұлшық ет жұмыстары. Дене шынықтыру-буын, бұлшық ет жұмыстары. |
| Алдыңғы білім | Ток күші,кернеу,кедергі,өткізгіштерді жалғау тәсілдері ұғымын біледі,мағынасын түсінеді. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (10 минут) |
«Ой қозғау»әдісі Тұрмыста қандай құрылғыларды қолданамыз? (оқушылар өз жауаптарын береді. Мысалы, шаңсорғыш, кір машинасы, үтік т.с.с) Топқа бөлу: «Тұрмыстық құрылғылар» арқылы топқа бөлінеді. Суретте шаңсорғыш, үтік, кір магинасы бейнеленген Ширату жаттығуы: «Сәйкестендіру» кестесі Физикалық шамалар Атауы Формуласы Өлшем бірлігі Ом заңы I=q/t Вт Ток күші U=A/q А Қуат I=U/R В Кернеу P=A/t А «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды |
|
|
Сабақтың ортасы (25 минут) |
Қуат Жұмыс апсырма-2. «Айналмалы бекет» әдісі арқылы есептер беріледі. 1-есеп:Қуаты 25 Вт токтың 10 минут ішінде жасайтын жұмысын табыңдар? 2-есеп:Электрлік құралда 5 А ток күші 45 минут уақыт ішінде 162 кДж жұмыс жасайды.Осы құралдың кедергісін табыңдар? 3-есеп:Жүк шығырын айналдыратын электрқоз-ғалтқышы 9120 Дж-ге тең жұмыс атқарады. 4А ток күшінде 24 Кл заряд өткендегі электромо- тордың қуатын табыңдар? Тапсырма-3 .« Физикалық эстафата» 3.1. 1-шамның кедергісі мен қуатын,2-шамдағы ток күші мен қуатты және 3-шамдағы ток күші мен кедергіні есептеңдер.
3.2.Кейбір электр аспаптарының қуаты бойынша 30 минут ішінде істейтін жұмысын табыңдар.
Бағалау критерийі Дескриптор -қысымның формуласына есептер шығарады; -есептің шартын жазады; -формуланы түрлендіріп қолдана алады; -есептеулер жүргізе алады. |
|
|
Сабақтың соңы (5 минут) |
Кері байланыс: «Рефлекция» («Білімағашы» ) A.Т.Ә Мaғынaны тaну Тoптық жұмыc Жұптық жұмыc Aшық cұpaқтap |
|






Бағалау парағы:
Пікірлер(0)