Сымсыз желілер

ТҮГЕЛТАЕВ АЙБОЛАТ БЕРДІҒАЛИҰЛЫ
ТҮГЕЛТАЕВ АЙБОЛАТ БЕРДІҒАЛИҰЛЫ
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе а.
КГУ «Каратобинская школа-гимназия»
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Компьютерлік жүйелер мен желілер
Тақырып:

Сымсыз желілер

17.02.2020
108
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 6.1.3.1 сымсыз байланыстың артықшылығын түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
- сымсыз байланыстың артықшылығын білу;

- сымсыз технология түрлерін үйрену;

- сымсыз желілер топталуын үйрену;

Бағалау критерийлері:
Сымсыз байланыс артықшылығын біледі;

Сымсыз технология түрлерін ажыратады;

Сымсыз желі топталуын біледі;

Пәнаралық байланыс: Математика

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі: -оқушылармен амандасу; Ынтымақтастық атмосферасын құра отырып, үй тапсырмасын пысықтаймын. «Әріптерден сөз құра» белсенді оқу әдісін қолдана отырып, оқушыларға өткен сабаққа байланысты сұрақтар қоямын. Қойылған сұраққа жауап беру үшін оқушылар төменде берілген әріптерді таңдайды, егер дұрыс болса әріп ашылады, қате болса гүлдің жапырақтары түседі. Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып аламын. Дескриптор -өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді; Саралау тәсілінің «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі алынды. Бұл тәсілді пайдалануда оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қоюға мүмкіндік бар. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқаратындығы ескеріліп алынды. ҚБ «Мадақтау» әдісі. Оқушылардың жауаптарына ауызша кері байланыс жүргізіледі. «Өте жақсы!», «Жарайсың!». «iQR» әдісі арқылы сыныпты үш топқа бөлемін. (сынып оқушыларына алдын ала QR жазылған қималар үлестіріледі. Телефонды пайдаланып кодта жасырылған сөздерді анықтап топқа бөлемін.)

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты ашу үшін «Шифрланған сөздер» белсенді оқыту әдісі қоланылады. Ол үшін Word мәтіндік редакторын іске қосып, ALT пернесін баса отырып сандық пернелерден келесі кодтарды теру қажет: 145 155 140 145 155 135 134 133 139 73 139 133 144 Жаңа тақырыпты анықтаған соң «БОРТ ЖУРНАЛЫ» әдісі арқылы үш топқа сымсыз желілер технологиясы мен топталуы туралы қосымша мәліметтер іздеу арқылы жұмыстануды ұсынамын. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады: Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім? Топтық жұмыс: 1-топ «Wi-Fi» технологиясы 2-топ «WiMax» технологиясы 3-топ «Bluetooth» технологиясы Дескриптор -мәтінге байланысты өз көзқарасын білдіреді; -сымсыз желі технологияларына түсінік береді; -сымсыз желі технологияларын ажырата алады; -мысалдар келтіріп дәлелдейді, түсіндіреді; Саралау «Дереккөздер» тәсілі. ҚБ «Смайликтер» Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады. №1 тапсырма. Топтық жұмыс. Берілген ссылка арқылы Компьютерлік желілердің түрі туралы мультфильмнің фрагментін қарау. 1 фрагмент 4:27-5:29 2 фрагмент 9:50-11:26 Талқылауға арналған сұрақ: - сымсыз желілерді қолдануға мысал келтіріңіз. - Қандай жағдайда сымды желіні, қандай жағдайда сымсыз желіні қолдану жақсырақ? Дескриптор -сымсыз желіге мысал келтіре алады; -сымды, сымсыз желілерді ажырата біледі; Саралау «Дереккөздер» тәсілі. ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау №2 тапсырма. Жұптық жұмыс. 1. Wi-Fi желісі арқылы принтерден сымсыз желі шарт белігісінің суретін шығарыңыз; 2. Bluetooth технологиясын пайдаланып, смартфон арқылы досыңа фотосурет жібер; Дескриптор - Wi-Fi желісі арқылы жұмыс жасай алады; - Bluetooth технологиясын пайдаланып файлдар жіберу әдістерін нақтылайды; Саралау «Қорытынды» тәсілі. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады; ҚБ «Жетістік баспалдағы» тәсілі №3 тапсырма. Жеке жұмыс. Кестенің бос ұяшықтарын толтырыңдар. Дескриптор -сымсыз технология түрлерін анықтайды; -әрекет ету қашықтығын ажыратады; -мысал келтіре алады; Саралау «Тапсырма» тәсілі. ҚБ «От шашу» тәсілі арқылы бағалау №4 тапсырма Желі түрлерін анықтаңыз. Дескриптор -ссылка арқылы жұмыстануды біледі; -желі түрлерін ажырата алады; Саралау «Қарқын» тәсілі. ҚБ «От шашу» әдісі Оқушылар өз жетістіктерін төменнен жоғары қарай қол шапалақтап бағалайды.

Сабақтың соңы

Рефлексия «SMS хабарлама» әдісі бойынша оқушыларға қалта телефондарынан SMS хабарлама жазу тапсырылады. Хабарламаны WhatsApp желісі арқылы арнайы құрылған чатқа жіберу ұсынылады. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, 7 тапсырманы орындау.

Файлдар:

Файлды ару Сымсыз желілер

Пікірлер(0)