"Менің атым Қожа" повестінен үзінді. Сенім арту

Ізбасар Жасұлан Елубайұлы
Ізбасар Жасұлан Елубайұлы
ақтөбе облысы
темір ауданы
Шубаркудукская СШ №3
Қазақ әдебиеті
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Адамгершілік - асыл қасиет
Тақырып:

"Менің атым Қожа" повестінен үзінді. Сенім арту

18.02.2020
180
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, іс-әрекеті арқылы  образын ашу(5. Т/Ж3);
Сабақтың мақсаты: көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасайды, іс-әрекеті арқылы  образын ашады
Тілдік мақсаттар: көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, іс-әрекеті арқылы  образын ашу
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.   Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.   Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:   Оқулықтан тыс тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийлері: көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасайды;  іс-әрекеті арқылы  образын ашады;
Құндылықтарды дарыту: адамгершілік, жауапкершілік, сенім
АКТ-ны қолдану дағдылары: Сұрақ-жауап, «екеуі үйде, үшеуі қонақта» әдісі, «кластер», әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі
Бастапқы білім: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Түбінде адам болатын бала

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5мин)

«Шаттық шеңбері»  Балалар ортаға шеңбер құрып, өздерінің бір жаман, бір жақсы тұстарын айтады.    Топтарға бөлу.  1-топ «Әке»  2-топ «Ана»  3-топ «Бала»  4-топ «Дос»   Пихологиялық дайындық, кеспе қағаздары арқылы 4 топқа бөлініп отырады.

Сабақтың ортасы

(15мин)

Білу және түсіну 15 минут  Топтарға тапсырма:  Қожа мен Жантас бейнелеріне талдау    1. Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?  2. Оқулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па?  3. “Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді.” Қожа қандай бала?  4. “Қысқы кешті” жаттамаған Жантас не істеді? Онысын қалай бағалайсың?  5. “Қысқы кешті” жаттамаған Қожа қандай күйде болды?  6. - Қара Көже мынаның не екенін білесің бе? Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың. Осы сөздерімен Жантастың қандай сипаты көрінеді?  7. - Бұл кім?  - Мен ғой, ата. Мен Қожамын.  - Мұнда неғып отырсың?  - Педсоветке келдім.  - Онда сенің не шаруаң бар?  - Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.  - Сені мұғалім етеміз дей ме?  - Директор етеміз дейді.  Қожа қандай бала?  8. – Мама! Сен жылап жатырмысың? Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін! – деп, Қожа мамасының тізесін құшақтай жығылған қалпында жылап жіберді. Қожа қандай бала?  9. Қожаның құпия кеңес ашып, түзу жолға түсемін деп, өзіне - өзі серт беруі оның қандай бала екендігін көрсетеді?     Оқулық, ватмандар, түрлі-түсті маркерлер  «Екеуі үйде, үшеуі қонақта» әдісі. Әр топтағы оқушыларға «1,2,3,4» сандары таратылады.

Сабақтың соңы

(15мин)

«Кластер» әдісі  Балалар әр топтан жинаған ақпараттарын тұжырымдап, қорытындылап, плакатқа түсіріп, топ болып қорғайды.     Дискрептор   көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасайды;   іс-әрекеті арқылы  образын ашады;   "кластер" әдісі

Рефлексия

(5мин)

Білім қоржыны

Пікірлер(0)