Болымды және болымсыз етістік

Базарова Гульзира Даулетбековна
Базарова Гульзира Даулетбековна
Акмолинская область
Құдықағаш
Кудук-Агашская СШ
Әдебиеттік оқу
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Атақты тұлғалар
Тақырып:

Болымды және болымсыз етістік

18.02.2020
263
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Барлығы: Болымды және болымсыз етістіктер туралы ақпарат алады . Оларды бір-бірінен ажырата алады. Сөйлемнің ішінен етістіктердің түрлеріне талдау жасайды.

Көпшілігі:Мәтіндегі етістік түрлеріне талдау жасайды және оны түсіндіре алады.

Кейбірі:Етістіктердің түрлерін пайдалана отырып сөйлемдер, шағын мәтіндер құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар: Болымды етістік. Болымсыз етістік.
Күтілетін нәтиже: Болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтайды.
Бағалау критерийлері:
Құндылықтарды дарыту: Оқуға, білімге, еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Болымды, болымсыз етістік туралы бейнеролик https://imektep.kz/kz
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Бастапқы білім: Етістік және етістіктің түрлерін біледі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал «Есімнен сөздер құрау» әдісі

Оқушылар дәптерлеріне есімдерін көлденеңінен жазып, оның астына есімдерінде кездесетін әріптерден болымды, болымсыз етістіктер құрап жазады.

Топқа бөлу: Әрбір оқушының алдына шырын құйылған стақан қойылады балалар шырынды ішіп болған соң стақанның астындағы сөздер бойынша болымды, болымсыз етістік болып екі топқа бөлінеді.

Алдыңғы білімдерді есте түсіру (топта) "Бір қадам алға"әдісі.

Мен есіктің жанында тұрып, өткен тақырып бойынша сұрақтар қоямын, егер сендер дұрыс жауап бересеңдер, өз үстеліме қарай алға жылжимын ал егер сендер дұрыс жауап бермесеңдер, бір қадам артқа жылжимын. Сұрақ- жауап әдісі: -Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? - Етістік дегеніміз не? -Ол қандай сұрақтарға жауап береді? - Етістіктің қандай түрлері бар? - Негізгі етістік дегеніміз не? - Туынды етістік дегеніміз не, ол қалай жасалады?

Сабақтың ортасы

Сабаққа кіріспе.

Нақыл сөз. "Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең – есімде қалады; өзіме істетсең -мен сонда түсінемін".

Жеке жұмыс:

Тапсырма: Нақыл сөзден болымды және болымсыз етістіктерді тауып, оған түсініктеме беру.

Мұғалімнің түсініктемесі: - Балалар бүгінгі күнді және тақырыпты жазып алыңыздар! Тақырыпты жазғаннан кейін:

- Енді ештеңе жазбаңыздар, - деп, айтатын ойыма балалардың назарын өзіме аударамын. Балалар "тақырыпты дәптерге жазыңыз", - сіз не істедіңіз? - Жаздық. Қаламды қолымызға алып, қолымызды қозғаймыз. - Ал сендер жазбайсыңдар - дегенімде, сендер не істейсіңдер? - Жазбаймыз. - Иә, қолдар қозғалмайды, жазбаймыз. Осы екі сөзді параққа жазылып тақтаға ілінеді. Бірінші сөзде қозғалыстардың болуы, екіншісінде-қозғалыстардың болмауы анықталады.

Тақырыпты ашу, оқу мақсатын анықтау "Imektep" сайтында "болымды және болымсыз етістіктер" туралы бейне материалдарды көрсету.

Жұптық жұмыс:

Тапсырма:Бейне материалдың мазмұны негізінде ереже құрастыру. Бір-бірін бағалау. «Жапондық бағалау» әдісі

Мұғалімнің нұсқасы. Етістік болымды және болымсыз болып екіге бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке –ма, -ме, - ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: айт-айтпа, жаз-жазба, кет-кетпе, айт-айтпа.

Шығармашылық үзіліс.

Ребусты шеш.

Талқылау сұрағы: Ребустың шешуіндегі сөз болымсыз етістік бола ала ма? Ойыңды дәлелде.

Топпен жұмыс. (геометриялық фигуралар арқылы топтастыру)

Деңгейлік тапсырма 1-топ: Болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыр.Осы сөздерді қатыстырып мәтін құрастыр. Мәтінге ат қой. - Қозғалақта-ма, жалтақта-ма, жүгір-ме, көшір-ме, сығала-ма, мазала-ма, сыбырла-ма. Мысал: Ақылы және әжелер. - Мирасты әжесі күн сайын мектепке шығарып салады.Әжесінің күнде айтатын ақылы: партада отырғанда қозғалақтама, жан−жағыңа жалтақтама, дәлізде жүгірме,көршілерінен көшірмей өз біліміне сен, ешкімді мазалама, өзгенің дәптеріне үңілме, сабақ үстінде сыбырлама, тыныш отыр,−дейтін. Ұйымшыл сынып. - Біздің сынып өте ұйымшыл. Дөрекі әрекеттері жоқ. 2 сыныпта бізге жаңадан Асан деген оқушы келді. Өзі ұшқалақ, оқу үлгерімі нашарлау. Мұғалімдердің күнде айтатыны, қозғалма, жалтақтама, дәлізде жүгірме, біреуден көшірме, үзілісте басқа сыныптың есіктерінен сығалама, сабақ үстінде басқаларды мазалама, сыбырламай тыныш отыр дейтін.Біз сынып болып жиналып, Асанды тәртіпті, үлгілі оқушы болып дұрыс жолға салуды жөн көрдік.

2-топ: Иллюстративті сурет арқылы шағын әңгіме құрастыру. Әңгіме мазмұнында етістік түрлерін қолдану

Бағалау критерийі

- Мәтін мазмұнының жүйелілігі

- Ойдың бірізділігі

- Сөйлемде болымсыз етістіктің болуы

- Сөйлемде болымды етістіктің болуы

Бағалау.Бір- бірін «Әткеншек» әдісі арқылы бағалайды.

Сергіту сәті:«Музыкалық қалпақ» музыка әуенімен қалпақты бір-біріне кигізеді,музыка тоқтағанда кімнің басында қалпақ қалса,сол бала болымсыз етістіккемысал келтіреді. Жеке жұмыс «Кім шапшаң?» әдісі

Мына етістіктерден болымсыз етістік жаса. Ал-алма, аш-ашпа, жап-жаппа, сөйле-сөйлеме, шақыр-шақырма, тарт-тартпа, үз-үзбе, үрле-үрлеме,кес-кеспе. Қолдану. Мақсаты: алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу.

ҚБ: «Сәнді жұлдызшалар» Жасыл- ақылдым Сары- жарадың Қызыл-жақсы

https://imektep.kz/kz

Сабақтың соңы

Дәптермен жұмыс . «Кім тапқыр?» әдісі

Тыйым сөздермен сөйлем құрастыр. Білмегеніңді сұрауға арланба. Ешқашан өтірік айтпа. Бір істі бастасаң, аяқсыз тастама. Кісіге қарап күлме.Аққу киелі құс саналады. Сондықтан аққуды атуға болмайды,досыңды сатуға болмайды.Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба.Автобуста қарттарға, өзіңнен үлкендерге орын бер. Малды аяғыңмен теппе. Нанды бір қолмен үзіп жеме. Кітапты таза ұста. Сүт тағамдарын жерге төкпе.

Дескриптор -Тыйым сөздермен сөйлем құрастырады.

-Сөйлемнен болымсыз етістікті табады.

-Тыйым сөздердің мағынасын түсінеді.

Рефлексия

Рефлексия «Иық тірескен шеңбер». Оқушылар шеңберге бір- бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін келтіреді. Мұғалімнің де бұл шеңберден орын алғаны дұрыс. Үйге тапсырма: 33-жаттығу 56- бет. Кері байланыс «СМС»

Пікірлер(0)