Таңдау операторы
Таңдау операторы
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 8.3.3.1 - таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану( Lazarus) |
| Сабақтың мақсаты: | Барлығы: Lazarus ортасында таңдау операторын қолданады Басым көпшілігі: Таңдау операторының модульдік және жобалық программасын салыстырады, айырмашылығын айтады Кейбірі: Таңдау операторына күнделікті өмірден мысал алып,жобасын ұсынады. |
| Тілдік мақсаттар: | Пәндік лексика және терминология: Case,Month,ShowMessage,Caption, Alignment, Checked Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы: -Таңдау операторының модульдік және жобалау программасында кодын жазады -RadioButton компонентінің қасиеттері мен қызметін жазыңдар |
| Күтілетін нәтиже: | Оқушылардың жаңа тақырыпты толық меңгеруі |
| Бағалау критерийлері: | -Таңдау операторын Lazarus программаларында жазылу түрлерін қолдана алады. - Таңдау операторының модульдік және жобалық программасын салыстырып, айырмашылығын айта алады - Таңдау операторын жоба жасауда қолданып,өмірден мысал келтіріп,жобасын ұсына алады |
| Құндылықтарды дарыту: | Топпен бірлесе жұмыс жасау, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасау,пікірлерін тыңдау |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | |
| Пәнаралық байланыс: | Lazarus ортасында программаны ағылшын тілінде жазу |
| Бастапқы білім: | Программа жасаудың кіріктірілген ортасының құрамдас бөліктері |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5мин) |
Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу «Саусақ бірікпей- ине ілікпейді» (Оқушылар қолдарындағы ақ парақты бес саусақпен умаждайды және екінші қолдың көмегінсіз қайта жазады) Топқа біріктіру: «Мозайка» әдісі. Оқушылар компьютер құрылғылары салынған суретті құрастыру арқылы топқа бөлінеді 1 топ «Case» 2 топ « Caption»
Өткен сабақты пысықтау: «Сұрақ- жауап(» әдісі (Оқушылар өткен тақырып бойынша тапсырмаларды орындайды) 1.Программалау ортасында компонент қандай міндет атқарады? 2. Компоненттер орналасқан беттер неше бөліктен тұрады? 3.RadioGroup компоненті мен қасиеттерін қалай сипаттауға болады? 4.CheckBox компонентінің қызметін қалай сипаттаған болар едің? 5.Memo компоненттін пайдалануда оның қандай қасиеттерін қарастырасың? 6.Image компонентінің қызметі қандай?
|
|
|
Сабақтың ортасы (30мин) |
«Ой қозғау» Күнделікті тұрмыста өзімізге керекті затты көп заттың ішінен қалай таңдап аламыз?
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі: Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды.Оқып білгендерін топпен бірлесіп талқылайды. Ауызша мадақтау ынталандыру «Кім жылдам» практикалық жұмыс №1 тапсырма Ай нөміріне байланысты оның қай мезгілге жататынын экранға шығаратын модульдік программа құрыңыз Дескрипторлар: 1. -Lazarus программалау ортасында жобасын құрып,батырмаларды дұрыс пайдаланады -Батырмалардың атауларын дұрыс жазады
-Модульдік программа құрылымын жазады
№2 тапсырма Таңдау операторының модулдік және жобалық программасын салыстырыңдар,айырмашылығын айтыңдар. Дескрипторлар: -Таңдау операторының модульдік программасын айтады -Таңдау операторының жобалық бағдарламасын айтады -Модульдік және жобалық программа құрылымын салыстырады №3 тапсырма(Жеке жұмыс) Күнделікті өздерің кездесіп жүрген таңдауға байланысты бір мысалды алып,жобасын ұсыныңдар Дескрипторлар: -Таңдау операторын жобалауды күнделікті өмірде қолданады -Таңдау операторын жобалаудың маңыздылығын бағалайды |
|
|
Сабақтың соңы (3мин) |
«Жалғасын тап» Alignment - …….. Checked - ………. RadioButton - …….
|
|
|
Рефлексия (2мин) |
CheckBox - ………. Рефлекция «3-2-1» стратегиясы Сабақта алған 3 маңызды ақпарат Қиындық келтірген 2 мәселе Сабақта ұнаған 1 аспекті |






Пікірлер(0)