Жомарттық пен кеңпейілділік
Жомарттық пен кеңпейілділік
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Білімділік: оқушыларға жомарттық пен кеңпейілділік ұғымдарын мейірімділік қасиеті арқылы түсіндіру; Дамытушылық: оқушыларды айналасындағы адамдарға қайырымды іс жасауға баулу; Тәрбиелік:оқушыларды жомарт , кеңпейіл болуға тәрбиелеу. |
| Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға жомарттық пен кеңпейілділіктің адам өміріндегі алатын орнын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. |
| Тілдік мақсаттар: | Адамдармен сыпайы сөйлесу , өз ойын ашық , батыл айтуға тәрбиелеу |
| Күтілетін нәтиже: | оқушылардың бойындағы дұрыс әрекет құндылығының жарыққа шығуына ықпал ету |
| Бағалау критерийлері: | оқушылардың құндылық бойынша пікірлері бағаланады |
| Құндылықтарды дарыту: | Дұрыс әрекет құндылығын жарыққа шығару |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Жағымды көңіл-күй орнату , топпен ән айту бөлімдерінде компъютер қолданылады |
| Пәнаралық байланыс: | қазақ тілі , әдебиеттік оқу , музыка , бейнелеу |
| Бастапқы білім: | жомарттық , кеңпейілділік ұғымдары туралы түсініктері бар |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.5Т қадағалау.Жағымды күйге келу. |
|
|
Сабақтың ортасы |
Үй тапсырмасын тексеру:Е.Өтетілеуұлының «Жомарт» әңгімесін мазмұндау және талдау: -Нұрланның кеңпейілділігін қандай іс-әрекетінен білуге болады? -кеңпейілді болудың мәні неде? -жомарт адамды қандай қасиеттерінен тануға болады? -өзіңнің жомарттық көрсеткен кезің болды ма? -қандай қайырымды іс жасадыңдар? -қандай жағдайда кеңпейілділік таныттың?Дәйексөз «Адамның қадірлісі-жомарт кісі» Ж.Баласағұни 2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу , бірге қайталау.Дәптерге жазу. Әңгімелеу Қарны аш балаларды тамақтандарған адам туралы әңгілеу және талдау:- тамақтанып отырған адам кімдерді көрді? -ол не істеді? -бұл адамның қандай қасиеттерін байқадыңдар? -өздерің осындай жағдайды кездестірдіңдер ме?Не істедіңдер? -сен қандай жомарттық таныттың? -біреудің қайырымды ісі туралы баяндап бере аласың ба? Шығармашылық жұмыс Топтық жұмыс.Тапсырма:жүректің суретін салып , жомарт адамға тән қасиеттерді жазу. Топпен ән айту Біз өмірдің гүліміз әнін бірге орындау.
|
|
|
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: №23 сабаққа 107 беттегі Қ.Толыбаевтың «Менің Отаным» әңгімесін оқып және мазмұндап келу. |
|
|
Рефлексия |
Соңғы тыныштық сәтi:Аяқ-қолымызды айқастырмай , түзеліп отырып , бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен істерді жүрегімізге сақтап алайық.Әрқашан жомарт , кеңпейілді болайық.Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар! |
Пікірлер(0)