Ауа райы деген не?
Ауа райы деген не?
| Ауа райы деген не? | Ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау. Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау. Барлық оқушылар: Ауа райының құбылыстарын, шартты белгілерін білу. Көптеген оқушылар: ауа-райының адамға әсерін түсіну, іс- әрекетіне ықпалын түсіну. Кейбір оқушылар: жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақыттарын тиімді жоспарлау . Бағалау критерийі • Ауа-райы құбылыстарының шартты белгілерін біледі. • Ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне тигізетін әсерін анықтай алады; • Жылдың әр мезгіліне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтап айта алады; Тілдік мақсат Пәнге тән лексика мен терминология: Ауа райы, климат, жыл мезгілдері, шартты белгілер Талқылауға арналған сұрақтар • Қазір қай мезгіл? • Ауа райы қандай? • Ауа райынның құбылыстарын білесіңдер ме? Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік Ел» құндылықтарын жүзеге асыру: ынтымақтастық, құрмет сабақ барысында іс жүзіне асырылады Пәнаралық байланыс Жаратылыстану, сауат ашу |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Ауа райы деген не |
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. -Бүгінгі ауа райы қандай? -Бүгінгі көңіл-күйлерің қандай? -Ендеше, балалар барлығымыз ортаға шеңберге тұрып,мына өлең жолын айтайық! - Қуанамын менде,(өзін көрсетеді) - Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді) - Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды) - Арайлап атқан күнге (қолдарын көтереді) «Стикер» әдісі Оқушылар (қыс, көктем, жаз, күз )жыл мезгілдері жазылған түрлі -түсті қағаз арқылы, топқа бөлінеді. -Осы топ атауы туралы не айтуға болады? (алдыңғы білімін пысықтау) Мақсаты: бастапқы білімін тексеру. (Балалар топта талқылап, білгендерін айтады) Қыс, көктем, жаз, күз бір сөзбен қалай айтуға болады? -Жыл мезгілдері дейміз. Дағды: жыл мезгіліне қатысты ауа-райын құбылыстарын салыстыру, болжау,сипаттау дағдысы қалыптасады. ҚБ: Мадақтау. «Жарайсың», «Керемет» (Ұж) Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға бейне фильм көрсету . - Балалар фильмнен не көрдіңдер? -Не туралы болды? Неліктен теледидардан, радио немесе телефонға смс арқылы күн сайын алдағы күннің ауа райын хабарлайды?( жауаптары тыңдалады). -Сонымен , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен? (Оқушылар сабақтың тақырыбын айтады). №1.Топпен жұмыс. Ойлан-жұптас- бөліс. Әр топ өз жыл мезгілдері жайлы және адамдардың еңбегі жайлы әңгімелеу Топпен талқылап, қорғау Мақсаты: Ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау . Дағды: салыстыру, болжау, сыни ойлау. ҚБ: «Басбармақ» арқылы бағалау №2.Жж. «Кім дұрыс киім таңдайды?» ойыны. Мақсаты: әр жыл мезгіліне тән ауа райының өзгеріп тұратынын түсінеді . Шарты: оқушылар берілген сурет бойынша жыл мезгілдеріне тән киім таңдайды. Дағды: бірлесіп жұмыс жасай білу және сыни ойлау дағдысы қалыптасады. ҚБ: «смайлик» арқылы жұп бір –бірін бағалайды. /Ұ/. Барлық бала ұйықтайды. (барлығы партада ұйықтайды) Таң атты (барлығы оянады) Жаңбыр жауды ( саусақтармен тырсылдатады) Найзағай соқты ( аяқтармен тарсылдатады) Қатты, қатты жел соқты, гу-гу, Жапырақтар қол соқты, ду-ду. Жел соқты, гу-гу, Жаңбыр басылды, Күн ашылды. №3_Өзің тұратын елді мекеннің ауа райын сипатта. Шартты белгілерді қолдан. Бақылау уақыты Бұлтты Жел Жауын-шашын Күн Таңертең Түсте Мақсаты: ауа райы құбылыстарының шартты белгілерін ажырату Дағды: Ізденушілік, байқампаздық қасиеті, шартты белгілерді бір-бірінен ажырату. Дескриптор. -жыл мезгіліне тән шартты белгілерді біледі. -кестеге тиісті белгілерді қоя алады. ҚБ: «бағдаршам» әдісімен өзін- өзі бағалау -Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? -Несімен ұнады? -Сабақтың мақсатына жету үшін қандай тапсырмалар орындадық? Кері байланыс 2 мин Толық түсінгендер «күннің» белгісін, түсінбегендер «жаңбыр» белгісін көрсетеді. |
https://imektep.kz/kz/game#quiz-1095 https://imektep.kz/kz/aua-rayi
|

Пікірлер(0)