Кестелерді тағайындау және пішімдеу
Кестелерді тағайындау және пішімдеу
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Форматировать элементы электронной таблицы Электрондық кестелер элементтерін пішімдеу |
| Сабақтың мақсаты: | Электрондық кестемен жұмыс жасай білу. Оқушылар бұл кестелердің маңыздылығын түсінуі тиіс. |
| Тілдік мақсаттар: | Пәндік лексика және терминология: Ұяшық, жол, баған, мәзір жолы, қалып жолы, пішімдеу мәтін. Cell, row, column, menu bar, status bar, text formatting |
| Күтілетін нәтиже: | Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет |
| Бағалау критерийлері: | Кестелерде мәтінді рәсімдеу не үшін қажет екенін оқушылар түсіндіреді. Оқушылар ұсынылған кестені рәсімдеу бойынша өзіндік көзқарасына дәлелдер келтіреді. |
| Пәнаралық байланыс: | Математика |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5 мин) |
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады. Күтілетін нәтижелер белгіленеді. |
Презентация |
|
Сабақ ортасы (33 мин) |
Осы суретті көрсете отырып, сұрақ қою. Бұл кестедегі қатені табыңыз?
Адамға ыңғайлы қабылдау үшін кестені пішімдеуге жетелеу бойынша оқушылармен диалог жүргізу. Сұрақ қою: осы кестені қалай жақсартуға болады? Оқушылар жауап беріп жатқан кезде екінші суретті көрсетуге болады:
Осылай оқылуға ыңғайлы екенін айту. Бұдан әрі бейнебаян (1 қосымшаны) көрсетуге болады "Ұяшықтар форматы" бойынша қысқаша тоқталу, аталмыш мәзірді қалай қолдануға болатындығын және осы мәзірдің қосымша бетінде не орналасқанын көрсету.
Оқушыларға осындай кесте құрып, пішімдеуді сақтау.
Оқушылар өз жұмысын аяқтар кезде, бір-бірінің жұмысын үлгі бойынша сәйкестігін салыстыруды сұрау. |
ДК/ экран / MS Excel |
|
Сабақ соңы (2 мин) |
Сұрақтар қою: Ұяшық дегеніміз не? Қаріп дегеніміз не? Ұяшықтарды қалай біріктіруге болады? Қай жерде мәтін бағытын өзгертуге болады? |





Пікірлер(0)